Өзімді айыпты сезінуге уақыт жоқ! Қызым Дакота туралы оқиға
Магистр дәрежесін алатын кезде уақытымның басым бөлігін қолға алмаған істе-
рімді ойлауға арнадым. Сабақ оқып жүргенде достарыммен және отбасыммен бірге
болуды, олармен серуендеуді армандап, уақытым құр қиялдаумен өтіп кететін. Өзімді
бақытсыз сезінетін сәттер де көбейген сияқты, ісім де алға баспады. Достарыммен
немесе отбасыммен бірге отырғанда да көңілім көншімеді, жұмысым күтіп тұрғанын
уайымдап, өзімді әр кез айыпты сезінетінмін.
Кіші қызым Дакота бір жасқа толғанда докторлық диссертациямды қолға ал-
дым. Тас түйін болып бекініп, жағдайды реттеуім керегін ұқтым. Кішкентай екі балам
бар, соларға қарауым керек пе еді деген ойға беріліп, уақытымды ысырап етпеуге
тырыстым. Яғни айыптан арылу туралы шешім қабылдадым. Белгілі бір уақыт ара-
лығында балаларымды өте жақсы бағып-қағатын жерге апарып жүрдім. Есесіне,
тамаша жетістікке жеттім. Балаларға қарайтын адам бар, алаңсыз жұмысымды іс-
теймін. Отбасыммен отырғанда тек соларға көңіл бөліп, әр сәттен ләззат аламын.
Сондықтан диссертациямды уақытында бітірдім. Осылайша уайымдау мен айыпты
сезінудің еш пайдасы жоқ екен деген тұжырым жасадым.
Достарыңызбен бөлісу: |