48
ЗЕРТТЕУ ЖОБАСЫН ЖҮРГІЗУ: НЕГІЗГІ НҰСҚАУЛЫҚ
Тарауды қорытындылау
y
Зерттеу – белсенді басқаруды талап ететін процесс. Алдын ала жоспарлау ке-
зінде стратегияны айқындап алу, дұрыс ұйымдастырып дайындала білу, зерт-
теуге қажет ой кеңістігін құра алу – процестің маңызды бөлігі.
y
Университет бекіткен нұсқаулыққа сәйкес зерттеу жұмысын жүргізу үшін оқу
орныңыздың талаптарымен танысыңыз. Сонда барлық ресурстарға ие бола-
сыз, зерттеу процесіне қажет бағдарыңыз анықталады.
y
Дұрыс кеңес алудың да өз қиындығы бар. Жетекшімен жақсы қарым-қаты-
нас орнатып, екі жақтың үміті мен қалауын анықтап алудың маңызы зор.
Тақырыбыңызға қатысты жаңалықтардан хабарсыз қалмау үшін әдебиеттерді
шолып тұрыңыз.
y
Зерттеу жүргізу кезінде бірқатар нақты проблема туындайды. Гант
диа граммасын қолданып, тәртіппен және шабытпен жұмыс істеу жұмыс ауқы-
мын дұрыс игеруге және мерзімнен ауытқымауға көмектеседі. Табысқа жету
үшін тепе-теңдікті табу керегін естен шығармаңыз.
y
Зерттеу процесі сайрап жатқан даңғыл жол емес: бұралаң, бұрылысы көп, күр-
делі сүрлеу. Өмірдегі проблемалар, өзіңізге деген сенімнің жоғалуы, мотива-
цияның болмауы сияқты жағдайларға кезігіп қалуыңыз мүмкін. Жалғыз еместі-
гіңізді, қолдау көрсететін адам бар екенін сезіну жұмысты сәтті аяқтауға ықпал
етеді.
Зерттеу жобам шап-шағын, докторлық жұмыс сияқты ауқымды емес.
Осы кітапта санамалап өткен қиындықтар мен стратегиялардың маған
қатысы бар ма?
Әлбетте! Бұл кеңестердің бәрі зерттеу жұмысына арналған. Докторант,
магистрант я бакалавр болса да немесе зерттеуді пәннің бір бөлігі ретінде
қолға алса да, студенттердің көбі түрлі жағдаи�ға тап болады, уақыт тап-
шылығын сезінеді. Әдетте жоба ауқымы белгіленген уақытқа сыи�маи� жа-
тады, оны жақсы баи�қаи�сыз. Алда не күтіп тұрғанын біліп, әдіс-тәсілдерді
меңгерудің арқасында жұмыс ауқымына қарамастан, зерттеу әлеміндегі
саяхатыңызды жақсартасыз.
Достарыңызбен бөлісу: