Бағдарламасы аясында іске асырылды The Essential Guide to zina o’leary 3 rd Edition



Pdf көрінісі
бет66/503
Дата01.04.2022
өлшемі7,43 Mb.
#137498
түріБағдарламасы
1   ...   62   63   64   65   66   67   68   69   ...   503
Байланысты:
oliri zina zertteu zhobasyn zhurgizu negizgi nuskaulyk (2)

Шабыт шақыру 
Тақырып ауқымын тарылтудың тағы бір тәсілі (3.1-қосымшаны қараңыз) – аи�-
налаңыздағы әлемнің әуеніне құлақ асу. Шабыт шақыруға ықпал ететін жаи�ттар:
 
y
Жеке түйсік пен тәжірибе
. Әркімнің жеке тәжірибесі мен түйсігі бар, соған сү-
йенсе болады. Мысалы, жұмыс орны. Кез келген жұмысшы не қызметкер жұмыс 
орнының проблемасы көп екенін айтады. Олар: қағазбастылық, жұмысты тиімді 
ұйымдастырмау, икемсіздік, біліксіздік, істің мән-жайын білмей тұрып шешім қа-
былдау, жемқорлық, қызметтен бұрын пайданы көздеу, моральдық ұстанымдар-
ды дұрыс сақтамау, мотивацияның жоқтығы т.б. Жеке басыңыздан өткен сәтсіз-
діктер басқалардың сәтсіздігімен ұштасып жатады. Оны ұйымның, мекеменің не 
қауымдастықтың мақсатына, міндеттері мен келешегіне байланыстыра алсаңыз, 
сол сәтсіздікті зерттеу керегін байқарсыз.
 
y
Бақылау
. Айналамыздағы заттарды байқамайтын кездер де болады. Жан-
жағымызға өзгенің көзімен қараудың арқасында зерттеу тақырыбын табуымыз 
мүмкін. Пойызда келе жатып, жеке кеңістіктің жазылмаған ережесін байқап 
қалған студентім осындай күйді бастан өткеріпті. Ол кімнің қайда отырғанын, 
қаншалықты жақын отырғанын, кімнің кімнен алшақтағанын, не үшін ол жерден 
кеткенін реттейтін ережені білгісі келді. Ол әр аялдамада адамдар саны өзгерген 
сайын олардың орын таңдауына мән берді. Ақырында, «орын таңдауды реттейтін 
ережені зерттеймін» деп шешім қабылдады. 
 
y
Заманауи/уақытылы мәселелер
. Кейде ескі тақырып жаңа сипатқа ауысады. 
Аяқастынан жұмыс орнында бір мәселе пайда болады немесе жаһан назарын 
өзіне аударады. Батыс әлемінің ислам дініне қызығуы, оған таңғалуы не сөгуі – 
соның бір мысалы. «БАҚ бұл тақырыпты қалай жазып жүр?», «Үкіметтің саясаты, 
практикасы мен риторикасы қандай?» және «Мектептегі нәсілшілдікке мұның ық-
палы бар ма?» деген сұрақтарға жауап іздеу арқылы түйткілді жайтты анықтап, 
тақырып табуға болады.
 
y
Мүдделі тараптардың мұқтаждығын анықтау
. Мүдделі тараптар әртүрлі мақсат-
ты көздеп бірігуі мүмкін, мысалы: денсаулық сақтаудың дұрыс жүйесін талап ету
жергілікті тоғандағы көк-жасыл балдырды қалпына келтіру, студенттерді оқуды 


57
Зерттеу сұрағын әзірлеу 
тастамауға үгіттеу т.б. Олардың мұқтаждығын анықтау үшін жергілікті бұқаралық 
ақпарат құралдарын шолып отырыңыз, редакцияға жазылған хаттарды оқыңыз 
немесе түрлі форумдарға қатысып (қалалық кеңес жиыны, жұмыс орнындағы 
кездесулер т.б.) көріңіз, сол жерлерде мүдделі тараптар өздерін алаңдатып жүр-
ген мәселелермен бөліседі.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   62   63   64   65   66   67   68   69   ...   503




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет