61
Зерттеу сұрағын әзірлеу
3.
Сұрағыңыз көбейіп кетсе (есте сақтаңыз: кез келген мәселе бойынша әрқи-
лы зерттеу сұрақтары туындайды) тақырыптың өзектілігі мен практикалық
жағына мән бере отырып, жетекшіңіздің кеңесіне құлақ асып, негізгі сұрақты
анықтаңыз.
4.
Сұрағыңыз барынша қысқа әрі нақты болғанша тарылта түсіңіз. Есте сақта-
ңыз: кез келген зерттеу сұрағының бірінші нұсқасына қарағанда үшінші, төр-
тінші немесе бесінші нұсқасы нақты, түсінікті әрі мағыналы болады.
Бұл екі процесс салмақты зерттеу сұрағын қалыптастыруға мүмкіндік бе-
реді, ал бұл сізді дұрыс әдіснамаға бастаи�ды. Бірақ оған жетудің өзі бір про-
цесс. 3.2-қосымшада зерттеу мәселесінің эволюциясы туралы бірнеше мысал
келтірдік.
Достарыңызбен бөлісу: