Зерттеугелайық мәселелерді таңдау Төменде студенттерім таңдап алған тақырыптардың біразын мысалға алдым
және олардың бұл тақырыптарды таңдау себебіне тоқталдым.
y
Порнографияның қолжетімді болуының жасөспірімдердің сексуалдық мінез- құлқына әсері . Жоғары сынып психологы мұны алаңдайтын құбылыс деп
есептеп, осы тақырыпты таңдап берді.
y
Өрт сөндіру қызметін жоспарлауда климат өзгерісін де бір фактор ретінде ескеру . Жаңа Оңтүстік Уэльстің ауылдағы өрт қызметі басшысының ұсынған
тақырыбы. Жоспарлау кезінде аталған мәселені ескеру керегін айтты.
y
Тұрмыстық қоқыс шелектерінде қайта өңдеуге келмейтін материалдар үлесі- нің басымдығы . Қоқысқа жауапты кеңестің жоғары лауазымды қызметкері-
нің ұсынған тақырыбы. Ол осы қызметке кіріскенде қоқыстың көптігіне қатты
алаңдаған болуы керек.
y
Нақты дәлел болмаған кезде денсаулықты нығайту орталығында шешім қа- былдау . Бұл тақырыпты негізгі мәселелерді рет-ретімен қоюды анықтай ал-
май шаршаған жаңа орталықтың директоры ұсынды.
y
Жедел жәрдем бөлімінде медициналық қызметкерге көрсетілген әлімжеттік туралы зерттеу . Еңбекті қорғау және қауіпсіздік техникасы бойынша ғылыми
дәрежесі бар, пациенттің шабуылынан кейін қызметін ауыстыруға мәжбүр
болған бұрынғы медбикенің ұсынысы.
y
Университеттегі әлімжеттік пен жүгенсіздік . Бірінші курста осындай жағдайға
тап болған студенттің ұсынысы.
y
Құрылыс саласындағы қауіпсіздік көрсеткіші төмен қосалқы мердігерлер .
Еңбекті қорғау және қауіпсіздік техникасы бойынша білім алған студенттің
таңдаған тақырыбы. БАҚ бетінде осы мәселенің көтерілгені ықпал еткен.
y
Сыныпта тәжірибелік оқытуды жеткілікті түрде қолданбау . ЖОО-да әде-
биеттанудан білім алып жүрген студенттің өз тәжірибесіне сүйеніп ұсынған
тақырыбы.
y
Климат өзгерісі салдарын елемеген адамдардың мотивациялары .
Адамдардың қатер туралы біле тұрып, немқұрайдылығына қайран қалған
студенттің таңдауы.
y
Гонконг биік ғимараттарында өрт дабылына мән бермеу . Өрт қауіпсіздігінің
жоғарғы санатты қызметкерінің таңдаған тақырыбы. Дабылды елемей, өрт-
тен қаза тапқан жеті адамның ісі бойынша тергеуге қатысқан.