Бұл жауабы табылатын сұрақ па? Кез келген дұрыс сұрақтың негізгі критерии�і – сұраққа жауап беретін зерт-
теу жүргізе алуыңыз керек. «Онсыз да белгілі шарт қои�» дерсіз, бірақ зерттеу
процесі кезінде жауабы жоқ сұрақтар көп кездеседі. Мысалы, «Жаңа туған
сәбидің анасын жақсы көруіне толғақтың ауырлығы ықпал ете ме?» деген
сұрақты алаи�ық. Оны зерттеу мүмкін емес. «Жақсы көруді» қалаи� анықтаи�сыз?
Оны анықтаи� алған күннің өзінде жаңа туған сәбидің жақсы көру қабілетін
қалаи� өлшеи�сіз? Өлшеи� алған күннің өзінде сол сезімді ауыр толғақпен баи�-
ланыстыруыңыз керек. Өзекті сұрақ, бірақ зерттеу мүмкін емес.
Теория жүзінде зерттеуге болатын, бірақ тәжірибе жүзінде зерттелмеи�-
тін сұрақтар бар. Студенттің зерттеу жобасына мынадаи� жағдаи�лар шектеу
қояды:
y
уақыт тапшылығы;
y
қаражат тапшылығы;
y
тәжірибенің аздығы;
y
деректерге қолжетімділік мәселесі;
y
этикалық рұқсат берілмейтін жағдайлар.
Зерттеу жобасын орындауға болатынына, оны аяқтаи� алатыныңызға ерте-
рек көз жеткізіңіз. Көп уақыт пен энергия жұмсаған соң ғана, жобаны орындау
мүмкін емесін білу – өте өкінішті жағдаи�.