Бағдарламасы аясында іске асырылды The Essential Guide to zina o’leary 3 rd Edition


Сәйкес индикаторлармен жұмыс істеу



Pdf көрінісі
бет83/503
Дата01.04.2022
өлшемі7,43 Mb.
#137498
түріБағдарламасы
1   ...   79   80   81   82   83   84   85   86   ...   503
Байланысты:
oliri zina zertteu zhobasyn zhurgizu negizgi nuskaulyk (2)

Сәйкес индикаторлармен жұмыс істеу 
Зерттеу жұмысын бастағанда нақты сол салада қандаи� индикаторлар сәи�кес 
әрі жарамды екенін білу керек. Зерттеуге негіз болған жорамалдар позитивистік 
көзқарас шеңберінен шығатындықтан (1-тарауды қараңыз), зерттеудің сыни 
Сенім тудыру
– сенім ұялататын сапа, қа
-
білет немесе күш. 


75
Этика талаптарына сай, сенім тудыратын зерттеу жүргізу
тұрғыда бағалануы туралы пікірталастар ұлғаи�ып келеді. Дүниежүзінде дәстүр-
лі зерттеушілерге арналған сәи�кес зерттеу индикаторлары бар, оған объективті 
қарап, белгілі бір зерттеу ережелері арқылы сандық тұрғыда өлшеуге болады. 
Позитивистік парадигманы сынаушылар мұндаи� тұжырымға күмән келтіреді. 
Қазіргі кезде индикаторлардың балама жиынтығы постпозитивистік/постмо-
дернистік әлемге негізделген зерттеуге (шексіз күрделі және нақты ақиқаты 
жоқ әлем) көбірек жарамды деп есептеледі; субъективтілікті мои�ындаи�ды және 
бағалаи�ды; статистикаға ғана бағынуы екіталаи�.
Ғалымдар көбіне қандаи� қиындыққа тап болады? Олар зерттеуінің негізі 
ретінде танымның бір ғана парадигмалық әдісін қолданады. Өзін тек бір ба-
ғыттың өкілі санап, позитивистік немесе постпозитивистік шектеуден шықпаи� 
қалуы зерттеушілердің жан-жақты ои�ланып, жұмыс істеуіне кедергі келтіреді. 
Зерттеушілер парадигмаға сүи�енген құрылымды қолдап тұрған кезде, шекараны 
бұзып өтетін зерттеу жұмысын жүргізу мүмкін емес.
Осындаи� күрделі жағдаи�ды ескере отырып, сенім тудыру мәселесін қалаи� 
шешесіз? Бұл жағдаи�да парадигмалық негізді қолданудың орнына жақсы зерт-
теу жасауға жол ашатын негізгі мәселелерді анықтап алуды ұсынамын. Атап 
аи�тсақ, мына сұрақтардың жауабын нақтылаңыз:
y
Субъективтілікті мойындадыңыз ба, оны басқаруға бола ма?
y
«Шын болмысты» таптыңыз ба?
y
Қолданылатын әдістер бірізді ме?
y
Дәйектер орынды әрі мәселеге қатысты ма?
y
Зерттеу нәтижесін тексере аласыз ба?
Сенім тудыру индикаторын тексерген кезде бұл сұрақтар өз жұмысыңызды 
да, басқалардың жұмысын да бағалауға негіз бола алады. Зерттеуші ретінде 
дүниетанымыңыз бен тұжырымыңызды зерделеу арқылы осы сұрақтың әр-
қаи�сысы үшін сәи�кес индикаторларды анықтап алуыңыз керек. Зерттеудің 
мақсатын, міндетін және әдіснамасын нақтылап алғаныңыз жөн (88-беттегі 
4.2-кестені қараңыз).


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   79   80   81   82   83   84   85   86   ...   503




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет