Мен өскен өңірдегі халық немесе Кейттің оқиғасы Жергілікті кеңеспен бірігіп зерттеу жұмысын бастадым. Алғашқы кеңес оты-
рысына қатысқанға дейін мэрмен және бірнеше кеңесшімен қауымдастық жайлы
сұхбат жүргізіп үлгерген едім. Зерттеу кезінде бұрын-соңды естімеген мәліметтер-
ге қанықтым. Мен зерттеп жүрген аймақтың этностық шығу тегіне келсек: 45%-ы
англоавстралиялықтар, 25%-ы азиялықтар, 20%-ы үндістер және 10%-ы гректер
екен; олар жеті түрлі дін ұстанады. Дегенмен кеңеске келгенде менен «христиандық»
есімімді атауды сұрады, протестант діни қызметкерінің дұғасынан кейін ғана жиын-
ды бастадық. Осы кезде жан-жағыма барлай қарап, кеңесшілердің бәрі англоавст-
ралиялық тектен екенін байқадым.
Мэр мен кеңесшілердің ұдайы өз қауымдастықтары туралы айта бергені есіме
түсті. Сонда «өз қауымдастығымызға» кімдердің жататынын болжай бастадым. «Өз
қауымдастығымыз» ұғымына сайлаушылардың заңды бөлігі кіре ме, әлде демогра-
фиялық тұрғыда өмірі өздеріне ұқсайтын тұлғалар жата ма? Кеңес жиынына келген
ақ түсті христиандар қауымы «өз қауымдастығымыз» болып есептеле ме? Осы сәттен
бастап зерттеуімде үстем дауысты топ өкілдерін ғана емес, шынайы қоғамды көрсе-
туім керек деген ойға бекідім.