82
ЗЕРТТЕУ ЖОБАСЫН ЖҮРГІЗУ: НЕГІЗГІ НҰСҚАУЛЫҚ
Сырттан келген ақнәсілді адам шынайы ақпарат алу үшін, яғни сенімді нығайту
үшін барын салуы керек, ал сол қауымдастықтың испантілді өкіліне шынайы әрі
ашық пікір алу түк те қиынға соқпайды.
y
Әлеуметтік-экономикалық мәртебесі/білімі
. Адамның әлеуметтік жағдайы да
зерттеу процесіне үлкен ықпал етеді. Білім мәселесінде, негізінен, зерттеуші-
лер артықшылыққа ие, сондықтан зерттелушімен арадағы кедергіні жойып,
оны сөгіп, жазғырмайтыныңызды сездіруіңіз керек. Өзіңіз бен зерттелушінің
әлеуметтік-экономикалық дәрежелеріңіз бен білім деңгейлеріңізді білу зерттеу
кезінде туындайтын мәселелерді шешуге көмектеседі.
y
Мәдениет немесе субмәдениет ішіндегі билік пен артықшылық
. Қандай да бір
мәдениет ортасында ғалым немесе сарапшы болып жұмыс істеген зерттеушіге
билік теңсіздігі проблема тудырады. Гэри Ларсонның бір карикатурасында ла-
шықта отырған байырғы тұрғындар «антропологтар!» деп айғайлап, бейнемагни-
тофондары мен теледидарларын жасырып жатқандары суреттелген. Осы кари-
катурада бейнеленгендей, зерттелушінің зерттеушіге деген көзқарасы жағдайды
бұрмалауы мүмкін. Мәдениетаралық зерттеу жасаған кездегі негізгі дилемма –
зерттеу жасалып жатқан жандарға билігіңіз бен артықшылығыңыз әсер еткенде,
зерттелушілер табиғи болмысын сақтай алмағанда қалай дұрыс зерттеу жүргізу
керегін білу.
Достарыңызбен бөлісу: