Гендер, сексуалдық ерекшелік және америкалық әткеншек немесе Аннаның оқиғасы Бәріміз америкалық әткеншек тебеміз деп шешкен едік. Бірақ, түптеп келген-
де, Джон, оның ер жолдасы және мен – үшеуміз ғана баратын болдық. Ғашықтар
арасында үшінші болу қызық емес қой, ал гей жұптың арасында үшінші болу тіпті
біртүрлі екен. Бұрын өзім мән бермейтін, алайда нағыз жігіттерге тән деп есептей-
тін ұсақ-түйек іс-әрекеттердің байқалмағаны алаңдата бастады (себебі ешкім менің
ойымдағы қадамға бармады). Ешкім мен үшін төлем жасамады, әткеншекте ешкім
жол бермеді, тіпті жарыстарда ешкім де мені жеңуге ұмтылмады. Ең ақырында, аме-
рикалық әткеншекте жалғыз өзім айналдым. Бірінші вагонда екі жігіт, ал мен артын-
дағы вагонда жалғыз отырдым. Мұндай сәтте кәдімгідей ойланады екенсің. Үшеуміз
бірге қыдырған күнге дейін ер адамдарға әйел көзімен қарайтынымды білмеппін.
Ер адамдарға қатысты көзқарасымды өзімнің сексуалдық ерекшелігіме байланысты
орнықтырғанымды түсініп, қайран қалдым.
Осы оқиға жайлы ойлана келіп, дерек жинау кезінде гендер мен сексуалдық
ерекшеліктің қаншалықты маңызды екенін түсіндім. Зерттеп жүрген дүниемді шы-
нымен түсінгім келсе, өзімнің кім екенімді ескеруім керек екен. Зерттеуші ретіндегі
жеке тәжірибем осылай дейді.