Бағдарламасы аясында іске асырылды The Essential Guide to zina o’leary 3 rd Edition



Pdf көрінісі
бет93/503
Дата01.04.2022
өлшемі7,43 Mb.
#137498
түріБағдарламасы
1   ...   89   90   91   92   93   94   95   96   ...   503
Байланысты:
oliri zina zertteu zhobasyn zhurgizu negizgi nuskaulyk (2)

4 . 4 - Қ О С Ы М Ш А


85
Этика талаптарына сай, сенім тудыратын зерттеу жүргізу
Орынды әрі сәйкес дәйектер келтіру
Ауқымды деректер қолыңызға түсті делік. Біржақты пікірден арылғаныңызға 
сенімдісіз, респонденттеріңіз ағынан жарылып пікір беруге әзір, жан-жақты 
талдауға мүмкіндік беретін дерек жинау құралдары мен анализ стратегиясын 
даи�ындап қои�дыңыз. Енді сенім тудыратын дәи�ектерді ұсыну ғана қалды. Бұл 
кезде бұрын талқыланған бірқатар проблема туындаи�ды: субъективтілікті тек-
серіп, түрлі түсініктемелерді зерделеу керек. Зерттеудің шектеулерін анықтау 
үшін нәтижелерді таразылауыңыз және зерттелетін адамдар тобы атынан сөи�-
леп тұрғаныңызға сенімді болуыңыз керек.
Зерттеудің шектеулерін анықтау 
Зерттеуді ои�дағыдаи� мінсіз етіп жүргізу екінің бірінің қолынан келмеи�ді: 
уақыт пен қаржы тапшылығы кедергі болады; адамдар сіз ои�лағандаи� қолдаи� 
кетпеи�ді; зерттеуді қаи�ыра шолғанда «басқаша істеуім керек еді» деген түи�т-
кілдер шыға береді. Сондықтан не істеу керек? 
Сенімсіз әрі жарамсыз
Сенімсіз, бірақ жарамды
Сенімді, біра
қ
жарамсыз
Сенімді әрі жарамды
4.1-сызба. 
Жарамдылық пен сенімділік
Әлбетте, бұл жақсы. Алайда сенім тудыру қабілеті мен ғылыми ақиқатқа алғы-
шарт ретінде жарамдылық пен сенімділікті талап ету қиынға түседі. Мұндай жағдай-
да адамзаттық/әлеуметтік әлемнің күрделі салаларын зерттей алмай қаламыз. 
Егер түрлі шындық, түрлі көзқарас бар екенін білсеңіз, адам табиғаты өзгерме-
лі, тұрақсыз екенін түсінсеңіз, осындай күрделі әрі жан-жақты шындықпен жұмыс 
істей алатын жақсы зерттеу индикаторын табуыңыз керек. Сондықтан да «постпо-
зитивизм» зерттеушілері жарамдылық пен сенімді орнықтыру қабілетіне (4.2-кес-
теде көрсетілген) қоса, 
аутенттілікті
де ескеруге шақырады (ол да 4.2-кестеде 
көрсетілген).


86
ЗЕРТТЕУ ЖОБАСЫН ЖҮРГІЗУ: НЕГІЗГІ НҰСҚАУЛЫҚ
Ешбір шектеуге қарамаи� дәи�ектердің шынаи�ылығын тексеріп, нәтиженің 
дәлелді екеніне көз жеткізе білу керек. Қиындықтарды жасырып, «зерттеуім 
өзім ои�лағандаи� болды, еш кедергі кездеспеді» деп жаза салуға болады. Бірақ 
кеи�біреулер зерттеуіңізде қандаи� да бір шекараларды аттап кетті деп есептесе, 
этиканы сақтағаныңыз бен сенім тудыратын қабілетіңізге күмән туады. Мұндаи� 
жағдаи�дың алдын алу үшін 4.5-қосымшада көрсетілгендеи�, үш сатылы әрекет-
ті орындаңыз. Бірінші қадам – зерттеудің шектеулерін анықтау және кемшін 
тұстарын ашып, жазып алу. Екінші қадам – қандаи� да бір шектеулерді анықтап 
алған соң, сенім тудыратын дерек жинауға мүмкіндік беретін және шынаи�ы 
нәтижеге қол жеткізетін стратегияңызды сипаттау. Үшінші қадам – екіншіден 
туындаи�ды, зерттеу деректері мен нәтижесін негіздеу немесе оңтаи�ландыруды 
ұсынатын («сондықтан» деп басталатын) мәлімдемелер жасау.
Сәйкес адамдар тобы атынан сөйлеу
Белгілі бір үлгіге қатысты немесе нақты бір зерттеу шарты аясында жасал-
ған қорытынды нәтиже негізгі мүдделі тұлғаларға маңызды ақпарат ұсынуы 
мүмкін. Бірақ ол нәтижені ауқымды негізгі жиынтыққа* қолдана алмаи�сыз. 
Осылаи�ша жаңа білімді молынан өндіру мүмкіндігі шектеледі. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   89   90   91   92   93   94   95   96   ...   503




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет