Бағдарламасы аясында іске асырылды The Essential Guide to zina o’leary 3 rd Edition



Pdf көрінісі
бет101/503
Дата01.04.2022
өлшемі7,43 Mb.
#137498
түріБағдарламасы
1   ...   97   98   99   100   101   102   103   104   ...   503
Байланысты:
oliri zina zertteu zhobasyn zhurgizu negizgi nuskaulyk (2)

Этикалық міндеттемелер
Әдетте этика моральдық міндеттемелерге сүи�енеді, бірақ ненің әділ, дұ-
рыс, ал ненің бұрыс екенін кәсіби тұрғыда анықтаи�ды. Этика – рұқсат етілген 
іс-қимылдарды көрсететін мінез-құлық принципі немесе ережесі. Зерттеу жүр-
гізгенде этикалық нұсқаулық кәсіби кодекске, пәнге, мекемеге қараи� беи�імде-
леді, бірақ, негізінен, келесі салаларды қамтиды:
 
y
Респонденттер ақпараттан хабардар болып, келісім бергеніне кепіл беру
. Зерттеуге 
қатысушылар уақытқа қатысты міндеттеме, іс-әрекет түрі, қамтылатын тақырып-
тар және басқа да ықтимал физикалық/эмоциялық тәуекелдер туралы алдын ала 
біліп, толық түсінген соң, зерттеуге қатысуға келісім бергенін білдіреді. Келісім 
бергенде қатысушылар мәселеден хабардар екеніне көз жеткізу үшін олардың 
мына қабілеттерге ие болуы маңызды: 
білікті
– қабілетті, кемел; 
дербес
– өздігінен 
таңдау жасай алады
ерікті
– ешкім қысым жасап, күш көрсеткен жоқ; 
бас тарта 
алады
– зерттеуге қатысуды жалғастыруға ешкім міндеттемейді (немесе қысым 
жасамайды); 
алданбаған
– зерттеу сипаты, оның қолданылатын жері ашық әрі 


92
ЗЕРТТЕУ ЖОБАСЫН ЖҮРГІЗУ: НЕГІЗГІ НҰСҚАУЛЫҚ
шынайы екенін біледі; 
ешкім мәжбүрлемеген
– жеке тұлғаларды қатыстыру үшін 
күш қолданбаған; 
ықпал жасалған жоқ
– қатысқан адамға бөлген уақыты мен 
жұмсаған күш-жігері үшін өтемақы беруге тыйым салынбаған, бірақ солай ынта-
ландыру қатысушының ой-пікіріне ықпал етпеуі керек.
 
y
Респонденттерге еш залал келмейтініне кепілдік беру
. Бұған эмоциялық, психо-
логиялық және физикалық залал жатады. Физикалық залалды ажырату оңай, 
ал психологиялық залалды анықтау және болжау қиын. Реніш, алаңдау, қолай-
сыздық тудыру немесе жағымсыз естеліктерді еске түсіру арқылы жоспарламай, 
байқаусызда психологиялық залал келтіріп алуыңыз мүмкін, жалпы, бұл – жиі 
кездесетін жағдай. Этикалық және моральдық жағынан дұрыс саналмаған 
іс-әрекеттер кейде заң тұрғысынан да проблема тудырады. Бұл жерде сот ісі ту-
ралы айтып тұрмыз. Ар-ұятыңыз бен кәсіби этикаңыз шешіміңізді ақтаса да, сот-
та қаралуы мүмкін деген іс-қимыл тәсіліңізді өзгертуге ықпал етер. 
 
y
Құпиялықты, (қажет болса) анонимдікті қамтамасыз ету
. Құпиялық зерттеуге де-
рек берушілердің жеке тұлғасын қорғауды білдіреді; барлық мәлімет тек зерттеу-
шіде қалуы керек. Кісіні жасыру үшін бүркеншік ат қолдану жеткіліксіз. Өзгелер 
сіздің кім туралы айтқаныңызды не кімнің сөйлеп тұрғанын біліп қойса, ол адам-
ды тағы да бүркемелеу керек немесе аты-жөнін атауға рұқсат алғаныңыз жөн. 
Анонимдік құпиялық шегінен жоғары, бұл кезде тіпті зерттеушінің өзіне зерттелу-
ші жасырын болып қалады. Анонимді жолмен жинақталған ақпарат, дерек неме-
се жауап қандай да бір респондентке тиесілі екені ешбір әдіспен анықталмауы ке-
рек. Оның жарқын мысалы – сыныпты «аноним» бағамен бағалау, қатысушылар 
өз пікірлері өздеріне таяқ болып тимейтініне сенімді болуға тиіс. Жеке тұлғаны 
жасырудан бөлек құпиялық пен анонимдікті қорғау: өңделмеген деректі қауіпсіз 
қорғау; деректі алуға шектеу қою; деректі бірнеше рет қолдануға рұқсат алу; өң-
делмеген деректі жойып жіберу ықтималдылығын қамтиды.
Бұл нұсқаулар қарапаи�ым көрінетін шығар. Алаи�да осы нұсқаулықты сақтау 
арқылы жинағыңыз келетін деректі ретке келтіруге болады. Дегенмен бірінші 
кезекте этика басым тұруға тиіс. Иә, дилемма туады (4.6-қосымшаны қараңыз), 
сондықтан (дизаи�нды өзгерту керек болса да) даи�ын болу керек. Бір жақсысы, 
этика жөніндегі комитеттерде рұқсат беру процесі бар, онда зерттеуді этикаға 
саи� жүргізу шекарасын анықтап береді. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   97   98   99   100   101   102   103   104   ...   503




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет