Зерттеу кезінде туындайтын этикалық дилеммалар
Зерттеу жүргізгенде қандай этикалық дилеммаға тап болуыңыз мүмкін?
Университеттердің барлығы зерттелушілеріңізден зерттеу жүргізуге келісім алғаны-
ңызды және олардың зерттеуіңізді жан-жақты білетінін, неліктен қатысатынын ай-
тып, хаттама толтырады. Бағыңызға қарай, этикалық хаттама физикалық залал келу
қаупін айтарлықтай азайтты. Бірақ өз тәжірибем көрсеткендей, этикалық тұрғыда
мынадай тұзақтар кездесуі мүмкін:
4 . 6 - Қ О С Ы М Ш А
93
Этика талаптарына сай, сенім тудыратын зерттеу жүргізу
1.
Маргинал топтарға/респонденттерге немқұрайды қарау
Этностық топтармен жұмыс істегенде, мысалы, мәдени ерекшелігін есепке
алатындай білім керек. Оны алдын ала болжау мүмкін емес. Австралия мен Жаңа
Зеландияда қатар жұмыс істей жүріп байқағаным, зерттеушілер абориген және/не-
месе маори респонденттерді қалай ренжітіп алғанын түсінбей де қалады.
2.
Құпиялықты қамтамасыз етпеу
Респонденттердің жауабы құпия сақталады деп уәде береміз, бірақ негізгі ақпа-
рат берушімен жүргізген сұхбат туралы жазғанда жұмыс орнын, бөлімін, лауазымын
айтып қоямыз, осылайша ол адамды еш қиындықсыз тауып алуға жол сілтейміз.
3.
Респондентті қиындықта/шиеленісті жағдайға қалдыру
Фокус-топта осындай сәтсіз оқиғалар көп кездесті. Өзара шиеленіс ушығады, оны
сәтімен шешпесе, жағдай нашарлайды. Топ мүшелері бір жерде жұмыс істесе, бір
отбасынан болса не бір мектепте оқыса, зерттеудегі келіспеушілік өмірлерінің басқа
саласын да қамтуы мүмкін. Берер кеңесім – алғашқы фокус-тобыңызды (әсіресе дау
тудыратын тақырыпқа қатысты) өз бетіңізбен құрмаңыз. Проблемаға ерекше мән
беретін фокус-топтан да қашыңыз. Шешімге ұмтылған фокус-топты басқару оңай.
4.
Керексіз әрі қауіп төндіруі мүмкін сұрақтар қою
Адамдардың нені көңілге алатынын түсіну қиын болар. Көп адамдар сексуалдық
зорлық, отбасындағы әлімжеттік және соғыста көргендері туралы айтқанды ұнатпай-
ды.
Facebook
, диета дағдысы мен прокрастинация туралы айтуды өтінгенде ренжіген
адамдарды да көрдім. Сондықтан да этика комитетінің бақылауы өте бағалы болмақ.
Респондентті байқаусызда ренжітіп алсаңыз, жауапкершілікті өзіңізге алмайсыз.
5.
Сенімді бұзатын жағдайға тап боласыз (сізге солай көрінеді)
Балаларға қатыгез қарым-қатынас жасау, қауіпті жұмыс тәжірибесі, алаяқтық,
ұрлық – бәрін аяқастынан білуіңіз мүмкін. Зерттеу процесін тоқтатып, білгеніңіз
жайлы құзырлы органдарга баяндайсыз ба? Балаларға қатыгездік көрсетілгенде
ол – өте дұрыс қадам. Ал кішігірім ұрлық жасалса ше? Біреудің мүлкін жымқырса
ше? Еңбекті қорғау мен денсаулық сақтау ережелері өрескел бұзылса ше? Бұл ере-
желер аздап бұзылған болса не істеу керек? Дилемма жетерлік. Тек, жалғыз өзіңіз
шешім қабылдамаңыз. Жетекшіңізбен сөйлесіңіз, этика жөніндегі комитетке жібері-
ңіз. Ондай міндетті өз мойныңызға алмаңыз.
94
ЗЕРТТЕУ ЖОБАСЫН ЖҮРГІЗУ: НЕГІЗГІ НҰСҚАУЛЫҚ
Достарыңызбен бөлісу: |