Зерттеу сұрағының маңызын көрсету
Сәтті ұсыныстың белгісі – зерттеу сұрағының маңызын дәлелдеи� алу қабі-
летіңіз. Зерттеудің маңызын көрсету екі нәрсеге баи�ланысты. Біріншіден, та-
қырыбыңыз бен зерттеу сұрағыңыз жаи�лы нақты әрі қысқаша аи�тып бересіз
(әдетте атауы, түи�індемесі/аннотациясы, мақсат/міндеттері, сұрақтары/гипо-
тезалары туралы аи�тасыз). Екіншіден, зерттеу сұрағы жауап іздеуге тұрарлық
екенін көрсетесіз, яғни оқуға қабылдауға немесе қаржы бөлуге лаи�ық түи�інді
мәселе екенін дәлелдеи� алуыңыз керек (әдетте кіріспе/қосымша мәліметтер/
негіздеме арқылы делелдеи�сіз).
Комитет бағалауына келсек, бірнеше ықтимал сценарии� бар:
1.
Зерттеу сұрағының маңызды екені талас тудырмайды (мысалы, «18 жасқа толмаған
балалар арасында маскүнемдікпен күресудің тиімді стратегиялары қандай?»), баға-
лаушыларға сұрағыңыздың маңызды екенін оп-оңай дәлелдей аласыз. Бәрі тамаша!
2.
Зерттеу сұрағының маңызды екені күмәнсіз, бірақ келтірген дәйектеріңіз баға-
лаушыларды сендірмейді, істі атқарып шығатыныңызға ешкімді иландыра алма-
дыңыз. Кәдімгідей тер төгуіңіз керек.
3.
Зерттеу сұрағының маңызды екені күмәнді (мысалы, «Аға» (
Big Brother)
фильмін
АҚШ тұрғындарына қарағанда британдықтар көбірек ұната ма?»), бірақ сіз дә-
лелдер келтіріп, оны нағыз мәселеге айналдырып, зерттеу жасау арқылы қандай
пайдаға кенелуге болатынына көз жеткізе алдыңыз. Олай болса керемет!
4.
Зерттеу сұрағының маңызы күмән тудырады, оның маңызын аша алатындай қа-
білетіңіз де жоқ. Келтірген дәйектеріңіз әлсіз, сондықтан сыншылар қолын бір
сілтеп, жобаңызды қабылданбаған ұсыныстар қатарына қоса салады.
Мәселе мынада – зерттеу сұрағының маңызды болғаны жақсы, бірақ сіздің
оны дәи�ектеи� білу қабілетіңіз де үлкен рөл ои�наи�ды. Сондықтан жазбаңыз
нақты, сөи�лемдеріңіз жинақы, дәлелдеріңіз тастаи� болуы керек, сілтемелерді
көрсетуге тиіссіз.
106
ЗЕРТТЕУ ЖОБАСЫН ЖҮРГІЗУ: НЕГІЗГІ НҰСҚАУЛЫҚ
Достарыңызбен бөлісу: |