5 . 1 - Қ О С Ы М Ш А
112
ЗЕРТТЕУ ЖОБАСЫН ЖҮРГІЗУ: НЕГІЗГІ НҰСҚАУЛЫҚ
емес. Әдетте мемлекеттік сектордағы өзгерістер үгіт-насихат цикліне байланысты,
ондай циклдер көбінесе үздік презентацияларға тәуелді. Реформа көп жағдайда
ықпалға байланысты жасалмақ, сондықтан идея беріп, аудиторияны шабыттандыру
қажет екені айдан анық. Тиімді презентация жасау арқылы аудиторияға ықпал ету-
дің қиындығы көп. Әсіресе бір кездері мамандар ғана білетін ақпаратты Google мен
Уикипедиядан оп-оңай алатын заманда жаңа білім туралы айту өте қиын.
Бұл жобаның мақсаты – мемлекеттік сектор саласында презентация жасауды
оқыту мен үйретуді жетілдіретін ұсыныстар беру. Соңғы онжылдықтағы 70 үздік пре-
зентацияға (соның ішінде мемлекеттік секторға екпін бере отырып) талдау жасау ар-
қылы ең үздік презентацияларға негіз болған элементтерді талқылаймыз. Сондай-
ақ жобада Тасмания қоғамдық сектор презентацияларының бір бөлігін талдап, сол
арқылы озық тәжірибе мен оқытудағы кемшіліктерді анықтаймыз.
Жоба мақсаты (100–200 сөз)
: зерттеу жобасының басты мақсаты – мемлекет-
тік секторда презентация жасауды оқыту мен үйретуді жетілдіру мақсатында нақты
ұсыныстар жасау.
Жоба міндеттері:
y
Өте тиімді, әсерлі презентация жасауға көмектесетін негізгі элементтерді
анықтау.
y
Мемлекеттік сектор үшін ерекше маңызға ие негізгі элементтер мен соған
қатысты мәселелерді анықтау.
y
Негізгі элементтерді оңай анықтау үшін сапалы матрица жасау.
y
Австралия/Жаңа Зеландия мемлекеттік секторындағы презентацияның тиім-
ділігін бағалау және осы саладағы оқыту мен үйретуді жетілдіру мақсатында
тиімді презентациялардағы кемшіліктерді анықтау.
Жобаның пайдасы (100–200 сөз)
: мемлекеттік сектордағы бастамалар, жо-
балар, бағдарламалар немесе саяси реформалар қолдауға мұқтаж. Үгіт-насихат
өте маңызды, мотивация бере алмаған презентация жақсы реформаның дүниеге
келмей жатып тұншығуына себеп болуы мүмкін. Мемлекеттік секторда презента-
ция жасауды оқыту мен үйретуді жетілдіруді мақсат еткен жобамыз үш мүдделі
тарапқа пайдалы болмақ.
Транс-Тасмания мемлекеттік секторы саяси циклге ықпал ету мүмкіндігін артты-
рады. Презентацияны жақсарту мемлекеттік басқарудағы негізгі мәселелерді бел-
сенді талқылауға және мемлекеттік сектордағы реформаларды жалғастыруға ықпал
етеді.
Қаржыландырушы мекеме болашақтағы оқу және қолданбалы оқыту/білім беру
қызметі саласындағы ресурстарды дамыту арқылы пайдаға кенеледі. Жоба мақса-
ты – мемлекеттік сектордағы коммуникация саласындағы мамандарды даярлауда
жетекші болып қалу, үкіметтегі озық тәжірибені дамытуды қолдау.
Студенттер дағдысын жетілдіріп, сенімді бола түседі және ықпал ету деңгейін
арттырады.
Әдіснама
.
Жобаңызда қандай зерттеу әдістері қолданылады (50–150 сөз)?
Әдіснама онлайн режимдегі және бетпе-бет алынатын деректерді арқау еткен екі
сатылы сапалы әдіске сүйенбек.
113
Зерттеу ұсынысын әзірлеу
Достарыңызбен бөлісу: |