114
ЗЕРТТЕУ ЖОБАСЫН ЖҮРГІЗУ: НЕГІЗГІ НҰСҚАУЛЫҚ
Гипотеза, аи�нымалылар, жарамдылық пен сенімділік сияқты терминдерді қа-
жет етпеи�тін сапалық зерттеуде осындаи� жағдаи� орнаи�ды, бірақ ұсыныс сол
бөлімдерді талап етіп тұр.
Өкінішке қараи�, ұсыныс формасынан немесе комитеттің қалауынан баи�қал-
ғандаи�, әлі де сандық парадигмаға сүи�енеміз. Комитетпен жұмыс істеп көрген
адамдардан кеңес алыңыз, мұндаи� дилемманы олар қалаи� шешті екен? Әр коми-
теттің өз тәсілі болады. Сол саланы білетін адамнан кеңес ала алмасаңыз немесе
ол қолыңыздан келетін ең жақсы деген әдіспен жасаи� беріңіз десе, ұсыныстың
ауқымды ұстанымын еске салғым келеді: зерттеу мәселесінің, ұсынылған әдіс-
тердің маңызын және зерттеушінің еңбегін көрсете алуыңыз керек. Осылаи�ша
парадигмаға тәуелсіз, ұсынылған мәселенің теориялық, тұжырымдамалық және
әдіснамалық келбетіне сенімді екеніңізді көрсетесіз. Ол үшін ұсынысты нық
сеніммен жазыңыз, аи�бат шегу немесе кешірім сұрау белгілері баи�қалмасын.
Комитет гипотеза сұрап тұрса, бірақ оны ұсына алмасаңыз – «қолданылмаи�-
ды» (N/A) деп көрсетіп, неліктен қолданылмаи�тынын түсіндіріңіз (4-тарауды
қараңыз). Комитет аи�нымалы шамаларды тізбектеп атап шығуды сұраса, ал
зерттеуіңіз барлауды мақсат етсе, оны да ескертіңіз. Жарамдылық, сенімділік
пен жалпылау орынсыз болса, лаи�ықтырақ саналатын, сенім тудыратын көр-
сеткіштер жаи�лы нық сеніммен баяндаңыз (3-тарауды қараңыз). Кез келген ко-
митет өз талаптарына саи� келмесе де, не жаи�ында баяндаи�тынын анық білетін
зерттеушіні бағалаи�ды.
Достарыңызбен бөлісу: