Тарауды қорытындылау
y
Зерттеу ұсынысы ойыңызды нақтылап, идеяларды әзірлеп, болашақ
іс-қимылдың жоспарын жасайтындай етіп ойлануға мүмкіндік береді.
Сондай-ақ ол зерттеу мәселесі мен ұсынылған әдістердің құндылығын баян-
дап, жобаңызды сату құралы бола алады.
y
Ұсыныс талаптары әртүрлі, бірақ көпшілігінде кездесетін жалпылама та-
лаптар мынадай: атауы; түйіндеме/аннотация; мақсат/міндеттерін көрсе-
ту; зерттеу сұрағы/гипотеза; кіріспе/анықтама/негіздеме; әдебиетке шолу;
теориялық көзқарас/әдістер; шектеулер/шекараны анықтау; этикалық мә-
селелер; уақыт кестесі; бюджет/қаржыландыру және сілтемелер.
y
Ұтымды ұсынысты мекеменің талаптарын қатаң сақтап, мақсатты түрде жа-
зыңыз. Дұрыс жоспарлауға, тақырыпты білуге, өзіңізді көрсетуге, жеткілікті
және ұғынықты жазуға, сарапшы емес адамдарға арнап жазуға және қайта
драфтауға дайын болыңыз.
y
Ұсыныс жазған кезде комитет талаптарына сай болмау, дизайнның талап-
қа сай келмегенімен, оның аяқасты өзгеруі сияқты кедергілер туындауы
мүмкін. Мұндай жағдайларды алдын ала ескеріп, бәріне дайын болыңыз,
көңіл күйіңізді түсірмеңіз.
y
Қиын тисе де, бағытты/әдісті өзгерткіңіз келсе не өзгерту керек болса, рұқ-
сат беруші мекемеге ол туралы ескерту керек.
соқпаи�ды, жағдаи�ды қаи�та қарап, талдау керегі тіпті ауыр тиеді. Менің
кеңесім: терең тыныстап, күш жинауға тырысыңыз. Эмоциялық күи�зеліс-
тен арылған соң, ақпаратпен жұмыс істеу керек: қаи� жерде қателестіңіз,
енді не істеу керек? Пікірді мұқият оқыңыз, бәрін анықтауға тырысыңыз,
басқалармен сөи�лесіңіз. Неғұрлым көбірек білген саи�ын, болашақта қателік
жібермеу мүмкіндігіңіз соғұрлым артады.
Достарыңызбен бөлісу: |