127
Әдебиетке шолу
баспа және электрондық кітаптарды, мақалалар мен журналдарды, мультиме-
диа, тезис, газет және электрондық репозитории�лерді т.б. іздеуге болады. Ол
материалдарды тақырыпқа қатысты болуына қараи� сұрыптап ұсынады, жылын,
форматын не тілін көрсету арқылы іріктеуге мүмкіндік береді.
Тағы бір қарауға тұрарлық платформа –
Google Scholar
. Ол да CrossSearch
сияқты түрлі ғылыми материалдарды іздеуге жағдаи� жасаи�ды. Әсіресе кеңеи�-
тілген іздестіру нұсқасын ұнатамын, сол арқылы мақаланың шыққан жылы
немесе журналдың атауын көрсетуге болады (6.3-сызбаны қараңыз). Мынаны
ескеріңіз: журналдағы мақаланы іздесеңіз, салаға қатысты журналдардың
атауын білмесеңіз, «Басылым» өрісіне «журнал» деп қана жазыңыз. Сонда
атауында журнал деген сөзі бар басылымдарды ғана көрсетеді (біршама жақсы
көрсеткіш), артық дүниелерді алып тастаи�ды. Google Scholar-ды интернет ар-
қылы паи�далануға болады, бірақ оған университетіңіздің саи�ты арқылы кіріп,
рұқсат алуға кеңес беремін. Сонда университетіңіз жазылған журналдардағы
кез келген мақаланы тегін әрі толық оқи аласыз.
Достарыңызбен бөлісу: