Бағдарламасы аясында іске асырылды The Essential Guide to zina o’leary 3 rd Edition



Pdf көрінісі
бет126/503
Дата01.04.2022
өлшемі7,43 Mb.
#137498
түріБағдарламасы
1   ...   122   123   124   125   126   127   128   129   ...   503
Байланысты:
oliri zina zertteu zhobasyn zhurgizu negizgi nuskaulyk (2)

6.2-сызба.
Әдебиет және зерттеу процесі


123
Әдебиетке шолу
тұрғыда бәрін біле бермеи�ді, сондықтан тақырыпқа қатысты еңбектерді оқу 
бір баи�ламға келуге ықпал етеді. Оған мәтіндер мен БАҚ материалдарын қарау, 
аи�мақтағы ғылыми әдебиет саналатын журналдағы зерттеуді саралау жатады.
Зерттеу сұрағын әзірлеуде
де әдебиеттің маңызы зор. 4-тарауда аи�тылған-
даи�, зерттеу сұрағын даи�ындағанда әдебиеттерді басшылыққа алыңыз. Өзекті 
пікірталастарды жариялаи�тын танымал бұқаралық ақпарат құралдары, белгілі 
бір мәселеге қатысты даулар мен пікірлер қоғамдық маңызға ие мәселені анық-
тауға көмектеседі. Ғылыми әдебиеттерді шолу да сұрақ даи�ындауда маңызды 
рөл атқарады. Кемшіліктерді табу, дұрыс зерттелмеген мәселелерді анықтау 
және сол мәселеге жаңа қырынан қарау – бәрі оқуға баи�ланысты. 
Сұрақ даи�ындаумен қатар жүретін тағы бір мәселе – 
зерттеудің маңызын 
дәлелдеу
. Нақты ұсынылған негіздеме – кез келген зерттеу ұсынысының ажы-
рамас бөлігі, ол уақыт пен қаражатты неліктен дәл осы мәселеге жұмсау керегін 
дәлелдеи�ді. Ол үшін зерттеуіңіздің әлеуметтік және ғылыми маңызын көрсе-
тетін әдебиеттерге сүи�енуіңіз керек. Оның ғылыми еңбек болуы міндетті емес, 
көбінесе есеп беру кезіндегі статистикалық деректер, БАҚ бетіндегі мақалалар 
немесе компанияның баяндамалары да жараи�ды.
Зерттеуді теориямен байыту
үшін де әдебиет қолданылады, бұл кезде 
ғылыми материалдарға сүи�ену керек. Зерттеу жұмысы мен теориясы арасын-
да үлкен аи�ырмашылық бар (ол жиі кездесетін жағдаи�) деп ои�лаи�тындарға 
теориялық әдебиетті оқу қиын. Көп жыл бои�ы әлеуметтік ғылым саласының 
ғалымдары зерттеу жүргізгенде теорияға аса мән бермеи� келді, ал әлеуметтік 
ғылым теоретиктері зерттеу жүргізбеи� де теория ұсына берді. Соның кесірінен 
дихотомия туындады, бірақ қазір ондаи� алшақтық азаи�ған, мәселені теориямен 
баи�ланыстыра зерттеудің құндылығын түсіндік. Мысалы, билік, тап және дінге 
қатысты мәселелерді зерттегенде Вебер, Маркс және Дюркгеи�м сияқты теоре-
тиктердің еңбегіне сүи�енеміз. Кез келген мамандық (науқасқа күтім жасау, білім 
беру, менеджмент т.б.), әлеуметтану мен философияның ауқымды салалары да 
теорияға жүгінеді. Теорияға жүгіну зерттеуіңізге сенім тудырып, маңызын арт-
тырады. Кеи�бір зерттеушілер теориялық еңбектерді қызығып, құныға оқиды, 
сондықтан олар әдебиеттерді еш қиналмастан шолып шығады. Ал екінші бір 
адамдар үшін теориялық кітаптарды оқу өте қиын. Сіз екіншілердің қатарын-
да болсаңыз, теория мәселесін жетекшіңізбен талқылаңыз, кітаптың жұмысқа 
қатысты ауқымын нақты анықтап алыңыз.
Әдістерді дизайндау
да әдебиеттерді оқу арқылы толығады. Әдебиеттерді оқу 
әдістерді дизаи�ндауды бірнеше жолмен жетілдіреді. Мысалы: қажетті әдіснама 
және әдістер туралы білім береді; сыни бағалауға мүмкіндік береді; зерттеудің 
нақты мәселесін зерделеуде стандарт әдістерді қабылдауға ықпал етуі мүмкін; 
балама әдіснамалық тәсілдерді бағалауға көмектеседі және әдебиеттерде кең та-
раған әдіснамалық олқылықтардың орнын толтыратын зерттеу әзірлеуге мүмкін-
дік береді. Сәи�кес дизаи�нды әзірлеп, дерек жинап, анализ жасау үшін осы сияқты 


124
ЗЕРТТЕУ ЖОБАСЫН ЖҮРГІЗУ: НЕГІЗГІ НҰСҚАУЛЫҚ
жалпы әдіснама кітабын, нақты зерттеу әдісіне арналған кітаптарды (мысалы, 
этнография, практикалық зерттеу немесе статистика), әдістер туралы зерттеу 
мақалаларын, сіз қолданғалы отырған әдістерге ұқсас әдістерді паи�даланған 
зерттеу мақалаларын оқыңыз. Осы кітаптағы оқуға ұсынылған әдебиеттер мен 
библиография да сізге керек әдебиетті табуға көмектеседі деп ои�лаи�мын. 
Келесі міндет – 
әдебиетке шолу жазу.
Бұл зерттеу мен әдебиет арасындағы 
баи�ланыс орнату үшін, ең алдымен, ои�ға келетін нәрсе. Әдебиетке шолудың ресми 
үлгісі дегеніміз – білім жиынтығын, оның ішінде бұрынғы зерттеудің қорытын-
дыларын, теориялық және әдіснамалық ұсыныстарын сын елегінен өткізу. Ол – 
зерттеуіңіздің кеңістігін қалыптастыратын дәлелді шығарма жазудың түрі. Яғни 
әдебиетке шолу – кез келген зерттеу жұмысының (грантқа өтініш беру, зерттеу 
есебі мен журнал мақаласы да осыған кіреді) бұрынғы зерттеуді қарастыратын 
және беделді ғылыми журналдарда жарияланған мақалаларға сүи�енетін міндетті 
бөлімі. Барлық диссертациялар әдебиетке шолуды талап етеді, ол өзекті, сыни және 
жан-жақты болуға тиіс. Шын мәнінде, әдебиетке үлес қосқысы келетін зерттеуші-
нің сол әдебиетпен қарым-қатынас жасау деңгеи�ін осы бөлім көрсетеді. Әдебиетке 
шолуды жақсылап жасаудың қыр-сыры осы тарауда баяндалмақ.
Сондаи�-ақ әдебиеттерді 
ғылыми мәліметтердің 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   122   123   124   125   126   127   128   129   ...   503




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет