126
ЗЕРТТЕУ ЖОБАСЫН ЖҮРГІЗУ:
НЕГІЗГІ НҰСҚАУЛЫҚ
Университет кітапханашысын елеусіз қалдырмаңыз. Бірінші курста оқитын
студенттерім кітапханада бағыт-бағдар көрсетуші жоғын аи�тады. Ақпараттық
технология соншалықты жылдам өзгереді, сондықтан студенттер мен кәсіби
зерттеушілер дағдыларын әр кез жаңғыртып отыруға мәжбүр. Кітапханашыны
табыңыз! Кітапханашы компьютер/интернет арқылы іздеудегі соңғы әдіс-тә-
сілдерді біледі және дүниежүзіндегі кітапханалардан кітап/мақала іздеу жолын
үи�ретеді. Университет кітапханашыларының көпшілігі белгілі бір ғылыми сала-
мен жақсы таныс (әлеуметтік ғылымдар, медбике ісі, білім беру, қоршаған орта
т.б.). Бұл мамандар дәл сіздің салаңызға қатысты дерекқорды, журналдарды
(қағаз түрінде де, электрондық нұсқасын да), библиографияны, рефератты,
шолуларды т.б. жедел тауып береді.
Керек әдебиетті іздегенде ғалымдардың да паи�дасы зор. Жетекшіңізбен,
профессорлармен және оқытушылармен сөи�лесіңіз. Олар әдебиеттер жаи�лы
жақсы біледі, сондықтан дұрыс бағытты көрсетеді; не болмаса тақырыбыңызды
жетік білетін, кеңес бере алатын адамға бағыттаи�ды. Олардың кітап сөресін де
сүзіп шығыңыз. Ғалымның кітапханасы барлық саланы қамти қои�мас және әр
кез жаңартылып тұрмаса да, сіздің зерттеуіңізге серпін беретін негізгі әдебиет-
тер сонда жатуы мүмкін. Тағы бір мүмкіндік – Academia.edu немесе ResearchGate
сияқты ғылыми қауымдастыққа қосылу. Ғылыми ортаның LinkedIn желісі де
бар. Мұнда ғалымдар онлаи�н желіде өз парақшаларын әр кез жаңартып, өз са-
ласына қатысты жаңалықтармен бөлісіп отырады. Мұны ғылымдағы соңғы
жаңалықтарды білуге арналған тамаша орта дер едім. Тақырып не автор бо-
и�ынша іздеу жасап, ағымдағы мақалалар туралы хабарландыру алып отыруға
болады. Тіркелу тегін.
Қорытындылаи� келе, сала мамандарынан кеңес алу жаи�лы ои�ланыңыз. Сіздің
салаңыз бои�ынша жұмыс істеи�тін маманда керек әдебиет бар. Менің де керек
әдебиетін таба алмаи� қиналған студенттерім болды, зерттеу мәселесіне қатыс-
ты бір-екі әдебиетті ғана қолдарына түсірді. Олардан: «Автор кімнен цитата
келтірген? Әдебиеттер тізімінде кімдер бар?» – деп сұрадым. Журналдағы бір
мақала тақырыпқа қатысты басқа мақалаларға жетелеи�ді. Сондаи�-ақ журналда-
ғы салаға қатысты мақалалар және магистрлер мен докторлардың диссертация
жұмыстарына көз салыңыз. Ол жұмыстарда әдебиеттерге мұқият шолу жасалған,
қажетті библиографиялық тізім бар, сондықтан паи�дасы көп. Оған қоса, осы
салада жұмыс істеи�тін адамдармен де сөи�лесіңіз. Салаға қатысты конферен-
цияларға барыңыз. Осының бәрі керек әдебиеттерді іздеп, табуға көмектеседі.
Достарыңызбен бөлісу: