Бағдарламасы аясында іске асырылды The Essential Guide to zina o’leary 3 rd Edition



Pdf көрінісі
бет128/503
Дата01.04.2022
өлшемі7,43 Mb.
#137498
түріБағдарламасы
1   ...   124   125   126   127   128   129   130   131   ...   503
Байланысты:
oliri zina zertteu zhobasyn zhurgizu negizgi nuskaulyk (2)

Керек әдебиетті іздеп табу
Әдебиеттің маңызын түсіндіңіз және оны жан-жақты паи�даланудың дұрыс 
екенін білдіңіз. Алаи�да керек әдебиет алдымнан шыға келеді деп ои�ласаңыз, 
қатты қателескеніңіз. Енді оны табу және қолға түсіру қажет. Олаи� істеу үшін 
әдебиеттің түрлі санаттарымен таныс болыңыз; сарапшылар табыңыз; кеңес 
алыңыз; дерекқордың қуатын түсініңіз; кітапхана мен интернетті жақсы қол-
дану үшін іздеу дағдыңызды жетілдіріңіз.
Әдебиет түрлері 
Табуға болатын әдебиет ауқымы сіз ои�лағаннан әлдеқаи�да кең. Себебі зерт-
теудің барлық кезеңінде мақсатты түрде оқуға тура келеді, ал оқудың кез келген 
түрінің ереже, тәртібі бар. Мынадаи� әдебиеттерге жүгінуге болады:


125
Әдебиетке шолу
 
y
Салаға негізделген анықтама материалдар
. Белгілі бір ғылыми саланың жаргон-
дарын білетін адам ол терминдердің көпшілігі күнделікті өмірде қолданылмайты-
нын ұмытып кетуі мүмкін. Ал ол салаға қатысы жоқ адам соған қатысты анықта-
ма материалдарды қарағаны жөн, сонда негізгі терминдер мен тіркестер және 
теориялар жайлы түсінік қалыптастырады. 
 
y
Кітаптар
. Зерттеу жолына енді түскендерге арналған кітаптар мен мамандарға 
арналған күрделі еңбектер, антологиялар, зерттеу есептері, танымал ғылыми-
танымдық дүниелер мен қиял-ғажайып туындылар т.б. қосымша мәлімет беріп, 
теория мен әдіс туралы танымыңызды арттырады. Әдебиетке шолудың үлгісіне 
келсек, кітаптың жарық көргеніне біраз жыл өткен болуы мүмкін, сондықтан за-
манауи зерттеу үлгілерін кітаптан гөрі журналдан қараған жөн. 
 
y
Журналдағы мақалалар
. Мұндай мақалалар кіріспе мәліметтен тыс, күрделі 
зерттеу мәселелерін түсінуге мүмкіндік береді. Олар әдебиетке шолу жасауда өте 
маңызды, себебі ғылыми аудиторияға бағытталған; көбіне рецензиялаудан өт-
кен, демек, сенім тудыратын күші бар; белгілі бір салаға қатысты болатындықтан 
және тұрақты шығып тұратындықтан өзекті саналады. Қазір мақалалардың жи-
нақталып берілуі, мамандыққа арналуы мен қолжетімділігі артып келеді. Онлайн-
журналдар мен кітапханааралық абонементтің компьютерлік желісінің пайда бо-
луы мәлімет алуды жеңілдетті.
 
y
«Сұр әдебиет» (Grey literature)
. Бұл – жарияланған және жарияланбаған мате-
риалдарды бірдей қамтитын термин, әдетте оларды жариялаған кітаптың ха-
лықаралық стандарт нөмірі (ISBN) немесе халықаралық стандартты сериялық 
нөмірі (ISSN) болмайды; оған конференция құжаттары, жарияланбаған зерттеу 
тезистері, газеттегі мақалалар мен брошюралар кіреді. Зерттеушілердің көбі 
зерттеу кезінде осындай әдебиеттерді пайдаланады. Соңғы шыққан тезистер 
мен конференция материалдары заманауи түпнұсқа еңбектің құнды қайнар көзі 
бола алады. Ал газет мақаласы, брошюралар, памфлеттер қосымша дерек ре-
тінде немесе құжатты талдау процесінде кәдеге жарайды (13-тарауды қараңыз).
 
y
Ресми жарияланымдар, статистикалық деректер мен мұрағаттар
. Бұл материал-
дар – қосымша және контекст ақпараттың бағалы дереккөзі, көбінесе зерттеу 
негіздемесін жасауға атсалысады. Сондай-ақ олар құжатқа анализ жасауда та-
маша дереккөз болады (13-тарауды қараңыз) немесе статистикалық талдауда 
қосымша дерек алуға ықпал етеді (14-тарауды қараңыз). 
 
y
Көмекші құралдар
. Оған библиографиялық анықтама материал, сөздік, энцикло-
педия, тезаурус, альманах, дәйексөз кітабы сияқты дереккөздер жатады. Мұндай 
ресурстар жазу процесі кезінде айтарлықтай қолдау көрсетеді және еңбектің 
лингвистикалық стилін жақсартуға, мәтінді қызықты етуге, фактілерді тексеруге 
және сол фактілерге сілтеме жасауға көмектеседі.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   124   125   126   127   128   129   130   131   ...   503




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет