Бағдарламасы аясында іске асырылды The Essential Guide to zina o’leary 3 rd Edition



Pdf көрінісі
бет124/503
Дата01.04.2022
өлшемі7,43 Mb.
#137498
түріБағдарламасы
1   ...   120   121   122   123   124   125   126   127   ...   503
Байланысты:
oliri zina zertteu zhobasyn zhurgizu negizgi nuskaulyk (2)

Әдебиеттердің маңызы
Өз ақылымды ғана емес, өзгенің ақылын да пайдаға жаратамын. 
Вудро Вильсон
Оқу – зерттеу процесінің ажырамас бөлігі, оны аи�налып өте алмаи�сыз. 
Неліктен? Себебі білімсіз адам зерттеу жүргізе алмаи�ды. Оқыған кезде білім 
кемесіне мінуді мақсат етсеңіз, аз не көп білгеніңіз маңызды емес. Маңызды 
мақсат – білімді жетілдіру, дәл қазір тұрған жеріңізден алға ұмтылу, жаңа дең-
геи�ге көтерілу.
Зерттеу жүргізу сәл өзгешелеу. Зерттеу жұмысын бастағанда білім өндіруге 
ұмтыласыз, оны басқалар қабылдап, керегін алады деп үміттенесіз. Жағдаи�ды 
жақсартуға тырысасыз. Бұл үлкен жауапкершілікті талап етеді. Не туралы мә-
лімдеи�тініңізді білуіңіз керек. Жаңа білім өндіру бұрынғы білімге түбегеи�лі 
тәуелді. Білім сатылап қалыптасады, бұрынғы біліммен таныс емес зерттеуші 
жаңасын үстеи� алмаи�ды. 
Иә, есіңізден шығармаңыз, білім тәжірибе арқылы келеді. Бірақ мол 
тәжірибе кең ауқымды болмаса, оның қауырсындаи� да салмағы жоқ.
Оқыту мақсаты
y
Әдебиеттердің маңызы

Зерттеу процесі кезінде әдебиетпен жұмыс істеудің аса маңызды екенін 
түсіну

Әдебиеттердің зерттеу процесіндегі ақпарат беру жолдарын түсіну
y
Керек әдебиетті іздеп табу

Әдебиет түрлерімен танысу және олардың зерттеу жобасын жүргізудегі рө-
ліне тоқталу

Керек әдебиетті тиімді іздеу дағдыларын жетілдіру
y
Әдебиеттерді басқару

Табылған әдебиеттің сапасы мен өзектілігін жүйелі түрде бағалай білу 

Тиісті дереккөздерге сыни пікір айта алу
y
Әдебиетке шолудың ресми үлгісін жазу

Әдебиетке шолудың ресми үлгісін жазудың мақсатын түсіну

Әдебиетке шолуда неге назар аудару керегін анықтау

Әдебиетке шолудың тиімді үлгісін жазуға көмектесетін қадамдармен танысу 


121
Әдебиетке шолу
Оқу дүниетанымыңызды кеңеи�теді. Оқу шабыт сыи�лаи�ды, ақпаратты молаи�-
тады, біліміңізді ұштаи�ды. Оқу тың идея тудырады, өзекті сұрақтар қоюға кө-
мектеседі және зерттеу дизаи�ны процесінде елеулі құралға аи�налады. Зерттеу 
жазу кезеңінде де оқудың паи�дасы мол; әдебиеттерге сілтеме берген нақты 
негіздеме өте маңызды, ал дұрыс берілген әдебиеттер тізімі зерттеушінің жұ-
мысына сенім тудырады.
Алаи�да әдебиеттермен жұмыс істеуді қиынсынатын зерттеушілер де жетер-
лік. Бірнеше мақсат қою, зерттеудің көлемі мен жан-жақтылығы, әдебиеттерді 
табу мен басқарудың қиындығы, сәи�кессіздікті жою, әдебиетті ресми шолу және 
оның бәріне сілтеме жасау; білімнің, тәжірибенің және кәсіби шеберліктің тап-
шылығы әдебиетпен жұмыс істеуді күрделі міндет сияқты көрсетеді.
6.1-сызбада әдебиетпен жұмыс істеуге қатысты туындаи�тын түрлі міндет-
терді көрсеттік, оны түсінуге, алуға, басқаруға және шолуға көмектесетін про-
цестерді қарастырдық.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   120   121   122   123   124   125   126   127   ...   503




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет