115
Зерттеу ұсынысын әзірлеу
Бұл кездегі ең жақсы стратегия – қолданатын тәсіліңізді толық біліп алыңыз
және оны жасырмаи� аи�тыңыз. Дизаи�ныңыз кездеи�соқ жасалған немесе нашар
ои�ластырылған деп ои�ламасын. Ерекшеліктің бәрін жете баяндаи� алмасаңыз
да, икемді позиция ұстанатыныңызды, құрылымның бар екенін көрсетіңіз.
Комитетке бәрін ои�ластырып қои�ғаныңызды түсіндіріңіз. Қажет болса, бол-
жалды сұрақтарды ұсыныңыз. Өз тәсіліңізді қолданыста жүрген әдіснама әде-
биеттерімен баи�ланыстырғаныңызды да көрсетіңіз. Осындаи� дәлелдер келтіре
алсаңыз, табысқа жету мүмкіндігіңіз артады.
Әрине, осындаи� дәлелдер келтіріп тұрсаңыз да, комитет қосымша ақпарат
талап етуі мүмкін. Ондаи� жағдаи�да әдіснама жоспарыңызға анықтама енгізу-
ге тырысыңыз. Жалпы дизаи�н ондаи� қадам жасауға мүмкіндік бермесе, ал ко-
митет өз аи�тқанынан қаи�тпаса: 1) әдістерді дамыту кезінде қосымша өтініш
беру мүмкіндігін қарастырыңыз; 2) қажетті әдіснамалық өзгеріс енгізу туралы
жетекшіңізбен сөи�лесіңіз.
Достарыңызбен бөлісу: