Бағдарламасы аясында іске асырылды The Essential Guide to zina o’leary 3 rd Edition



Pdf көрінісі
бет116/503
Дата01.04.2022
өлшемі7,43 Mb.
#137498
түріБағдарламасы
1   ...   112   113   114   115   116   117   118   119   ...   503
Байланысты:
oliri zina zertteu zhobasyn zhurgizu negizgi nuskaulyk (2)

Мақсатқа сай жазу
Ұсынысты шала-пұла, асығыс жазбаңыз, уақыт таяғанда сүи�кеи� саламын деп 
немқұраи�ды қарамаңыз. Ол жақсы жоспарланған, мұқият ои�ластырылған шы-
ғарма болуы керек. Есіңізде болсын, сарапшылар зерттеуші ретінде әлеуетіңізді 
бағалағанда ои�ыңыздың дәлдігіне, дәи�ектеріңіздің шынаи�ылығына, жазбаңыз-
дың сапасына қараи�ды. Келесі кеңестер ұтымды ұсыныс жазуға көмектеседі:
 
y
Сәтті жазылған ұсыныстарды қолға түсіруге тырысыңыз
. Өзіңіз өтініш берген 
комитеттің немесе соған ұқсас мекеменің елегінен сәтті өткен ұсыныстарды 
сұратып көріңіз. Өтінішіңізді қарайтын мекемеде ондай ұсыныстардың онлайн 
нұсқасы болуы мүмкін. Немесе «зерттеу ұсынысының үлгісі» деп Google-дан із-
деп көріңіз. Оны өзіңіздің оқу дәрежеңізбен (PhD, бакалавриат) және/немесе 
зерттеу саласымен (бизнес, әлеуметтану, саясат) байланыстыра іздеуге болады. 
Дегенмен интернеттен табылған мысалдың бәрі бірдей жақсы емес екенін есте 
сақтаңыз. Тараудың соңындағы кітаптарды да қарап шығыңыз. 
 
y
Өзіңізді көрсетіңіз
. Әдетте үшінші жақтан сөйлеген дұрыс. Бірақ істеген істі көр-
сеткен кезде «мен» деп айту да кең тараған. Сондай-ақ келер шақта жазуды 
ұмытпаңыз. Ұсыныс сіздің не істегеніңіз немесе істеп жатқаныңыз туралы емес, 
енді не істейтініңіз жайлы болмақ.
 
y
Ұғынықты жазыңыз
. Жазбаңыз қысқа әрі ықшам, тура мағынасында, түсінікті бо-
луы керек. Жаргон қолданып, артық сөйлеуден, мақтанудан абай болыңыз.
 
y
Жеткілікті жазыңыз
. Жоғарыда айтылған пікірге қарама-қайшы көрінгенімен, са-
рапшылар шешім шығаруы үшін жазбаңыз барынша толыққанды болсын.
 
y
Сарапшыға емес, жай адамдарға арнап жазыңыз
. Сіздің салаңызға қатысы жоқ 
адам оқыса да түсінетіндей етіп жазылсын.
 
y
Үй тапсырмасын орындаңыз
. Қысқа көлемді ресми ұсыныстағы ең сүйкімсіз нәр-
се – қателер. Деректерді дұрыс баяндаңыз, әдебиеттердің орны үңірейіп тұрма-
сын, кез келген теория/әдіске жасалған сілтеменің нақты екеніне көз жеткізіңіз. 


111
Зерттеу ұсынысын әзірлеу
 
y
Дәйексөзді шектен тыс көп қолданбаңыз
. Әдетте ұсыныстың әр жолы өлшеулі, 
сондықтан дәйек сөзді молынан келтіруге орын табу қиын. Сөз бен идеяны өзіңіз 
жазып, әдебиетті көрсетіп қойсаңыз жеткілікті.
 
y
Дедлайн жеткенде ғана жанұшыра қимылдамаңыз
. Жұмысты ертерек аяқтауды 
жоспарлаңыз, сонда қайта қарап шығуға, қайта драфтауға уақытыңыз артылады. 
Есте сақтаңыз, көп жағдайда дедлайнды жылжытуға болмайды, жұмысты өткізе-
тін уақыт жеткенде жанталассаңыз, сапаға зияны тиеді. 
 
y
Драфтауға және қайта драфтауға әзір болыңыз
.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   112   113   114   115   116   117   118   119   ...   503




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет