Драфтау және қайта драфтау
Ең жақсы кеңес – фидбәк жасауға жеткілікті уақыт қалдырып, мүмкіндік
болса бірнеше рет қаи�та драфтап, ұсынысты түзетіп шығыңыз. Оқырман де-
тальдарды түсінбесе де, жалпы дәи�ектер сарапшы емес адамға да ұғынықты
болуы керегін есте сақтаңыз, жолдастарыңыздан, ата-анаңыздан т.б. ұсынысты
оқып шығып, өз пікірін аи�туды сұраңыз. Мүмкіндік болса, зерттеу жасаудан
және ұсыныс жазудан тәжірибесі бар адамға хабарласқаныңыз дұрыс.
16-тарауда соңғы драфт жазуға арналған бақылау тізімі берілген, бұл жерде
соны қысқаша түи�індеи� кетсек: соңғы драфт нұсқа критерии�лерге саи�, қисынды
болуы керек, көзқарасыңызды сенімді тұжырыммен бекітуге тиіссіз; ақпарат
жеткілікті болсын; деректер бірізді орналассын; қаи�талаудан аулақ болыңыз;
деи�ектер нақты әрі нанымды болуы керек; бос сөз қоспаңыз; ұзақ сөи�лемді
абзацтар керек емес; қысқарған сөздер мен жаргондарды шектеңіз; сөз шек-
теуін қатаң ұстаныңыз; орфография мен грамматика мінсіз болсын; қате кетіп
қалмасын және форматқа саи� болсын.
Ұсыныс үлгісі
Әріптесім екеуміз біраз уақыт бұрын өткізген көлемді ұсыныстың (қаржылан-
дыруға қатысты) бірнеше бөлімін осында салайын. Ұсыныстың қаржыландырушы
мекеме қойған талаптарға сай келуін мақсат еттік. Бір қызығы, олар анықтамалық
әдебиет сұрамады, сондықтан оны ұсынбадық.
Жоба атауы
: «Сөз құдіреті. Мемлекеттік сектордағы әсерлі презентация құпиясын
ашу».
Жобаны шолу (150–250 сөз)
: тамаша презентацияларды көріп, спикерлердің
жалынды сөзін естіп жүрміз. Ұдайы ізденісте болғандықтан ол жұмыстармен таныс-
пыз. Басқаларға ол жұмыстар жайлы айтқымыз келеді. Себебі презентациялардағы
сөзден шабыттанамыз. Алайда біреуді шабыттандыру – күрделі мақсат. Ақыл-кеңесті
аямай беретініне қарамастан, адамды мезі қылатын, нәрсіз сөздері көп презента-
циялар да жалықтырады, мемлекеттік сектор да осындай кемшіліктерден құралақан
Достарыңызбен бөлісу: |