108
ЗЕРТТЕУ ЖОБАСЫН ЖҮРГІЗУ: НЕГІЗГІ НҰСҚАУЛЫҚ
y
Әдістер
. Барлық ұсыныста әдіс талап етіледі. Жоспарды барынша анық тұжы-
рымдап, әдісіңіз
практикалық жағынан жарамды, қойылған сұраққа шынайы
жауап алуға көмектесетініне оқырманды сендіруіңіз керек (7-тарауды қараңыз).
Әдістерге мыналар кіреді:
○
Тәсіл/әдіснама. Мысалы, этнографиямен айналыссаңыз, практикалық зерт-
теу жасасаңыз немесе кездейсоқ бақылау сынағын жүргізсеңіз (8, 9 және
10-тарауларды қараңыз) қажет болады.
○
Респонденттерді табу. Оған тұрғындарды жіктеу және сұрыптау процедурасы
кіреді (11-тарауды қараңыз).
○
Дерек жинау әдіс(тер)і. Мысалы, сауалнама, сұхбат алу және құжаттарды тал-
дау (12, 13-тарауларды қараңыз) әдістері кіреді.
○
Талдау әдістері. Статистикалық немесе тақырыптық талдау жасайсыз ба,
әлде солардың басқа нұсқаларын қолданасыз ба (14 және 15-тарауларды қа-
раңыз)? Соны жақсылап анықтап алыңыз.
y
Шектеулер/Шекараны анықтау
. Шектеулерге іріктеме санының аздығы немесе де-
ректерге қол жеткізе алмау сияқты нәтиженің әмбебаптығы мен пайдалылығына
ықпал ететін шарттар немесе дизайн сипаттамасы жатады.
Есіңізде болсын, жо-
баның көбі уақыт, ресурстар, ақпаратты алу немесе ұйымдастыру мәселесі сияқты
шектеулерге тап болады. Сондықтан мұндай кемшіліктер туралы ашық айтыңыз,
жауырды жаба тоқып, сарапшыларға ұсына салмаңыз, олар кемшілік туралы біл-
се, ұсынысыңызды қабылдамауы мүмкін. Шекараны анықтау зерттеудің ауқымын
нақтылап алуға байланысты, мысалы, «зерттеу кезінде белгілі бір жастағы немесе
белгілі бір ауданның мектебіне кіретін балаларды ғана зерттеймін»
деген сияқты
саналы түрде шектеу қойып алыңыз. Енді есте сақтаңыз, алған нәтижеңіздің қан-
дай да бір шектеуге/шекараға қарамастан оқырманды иландыруға лайық екеніне
сендіруіңіз қажет. Ол үшін зерттеудің параметрі жайлы ашық баяндаңыз, өзіңізді
қорғауға немесе кешірім сұрауға тырыспаңыз. Шектеулерге қарамастан, сенім ту-
дыру үшін қандай да бір әдісті қолданғанда осылай әрекет етіңіз.
y
Этикалық түсінік
. Зерттеуге адамдарды көптеп тартқан сайын, этика мәселесі
алдыңыздан кесе-көлденең шығады. Сондықтан оны ескеру керек (3-тарауды
қараңыз). Этикалық комитетке ұсыныс берсеңіз, онда ұсыныстың басым бөлігін
этикалық мәселелерге арнау қажет болар еді. Бірақ, тіпті бағдарламаны алуға
өтініш білдірсеңіз де, білім өндірудегі адалдық
пен қатысушылардың эмоциялық,
физикалық және интеллектуалдық жай-күйіне жауапты екеніңізді көрсетіп, оқыр-
манды сендіруіңіз керек.
y
Уақыт кестесі (Timeline)
. Әдістеріңізді қолдану мерзімдерін көрсетуіңіз керек. Ол
көбіне кесте немесе диаграмма түрінде жасалады. Ұсынысыңызды қараған ко-
митет жоспарыңыздың шындыққа сай келуін тексереді, оның мерзімге сәйкес
болуын қадағалайды.
y
Бюджет/Қаржыландыру
. Шығын туралы және оны кім төлейтіні жайлы толық
есеп. Этикалық рұқсат алғанда және студенттердің ғылыми зерттеуіне ұсыныс
бергенде шығын есебін талап етпеуі мүмкін. Ал грант ұсынысын әзірлеп жатса-
ңыз, зерттеуіңізді қаржыландырушы мекеме, ең алдымен, бюджетті сұрайды.
109
Зерттеу ұсынысын әзірлеу
Расымен де, реалист болу керек, шығынды бақылаудан шығарып алу оп-оңай.
Жалақы, бағдарламалық жасақтама, жабдықтар, іссапар, жазбалар, әкімшілік
қолдау т.б.
қабаттасып кетеді, жобаның ортасына келгенде қаржы тапшылығы
қолды байлайды. Тапсырыс берілген жоба бойынша тендерге қатыссаңыз, қар-
жыландырушы мекеменің бюджетін шамалап болса да білген абзал. Сонда өз
әдісіңізді әзірлеп, бәсекеге қабілетті боласыз.
y
Сілтемелер
. Бұл екі нәрсеге қатысты болуы мүмкін. Біріншісі, кез келген ака-
демиялық/кәсіби еңбектегі сияқты, дереккөзге сілтеме жасауыңыз керек. Оны
да ескермей, ұмытып кететіндер бар. Екіншісі, кейбір комитеттер жұмысыңыз
туралы ақпарат беретін 10 немесе 15 шақты сілтеменің тізімін алғысы келеді.
Бұл ақпараттар сіздің біліміңізді бағалауға мүмкіндік береді, комиссия мүшелері
зерттеуіңіздің бағыты жайлы нақты түсінік қалыптастырады.
Достарыңызбен бөлісу: