Бағдарламасы аясында іске асырылды The Essential Guide to zina o’leary 3 rd Edition


Ұсынылған әдістердің маңызын көрсету



Pdf көрінісі
бет111/503
Дата01.04.2022
өлшемі7,43 Mb.
#137498
түріБағдарламасы
1   ...   107   108   109   110   111   112   113   114   ...   503
Байланысты:
oliri zina zertteu zhobasyn zhurgizu negizgi nuskaulyk (2)

Ұсынылған әдістердің маңызын көрсету
Сарапшылар зерттеу сұрағы маңызды екеніне көз жеткізген соң, әдістерге 
ден қояды. Бұл жерде олар бірнеше жаи�тқа мән береді:
1. 
Ұсынылған әдістер түсінікті баяндалған ба? Бағалаушылар ұсынысыңызды ай-
қын түсінбесе, оны қолдай қоюы екіталай. 
2. 
Ұсынылған әдістер қисынды ма? Маңызы қандай, бағалаушылар ол әдістердің 
шынайы дерекке қол жеткізетініне сене ме?
3. 
Үміткер зерттеудің шекарасын белгілеп алды ма? Дерек жинау мен талдауда кез-
десетін кедергілерді ескерді ме? Зерттеу жұмысын бағалап үйренгендер зерттеу-
дің бәріне қойылатын шектеу бар екенін біледі. Оны мойындап, ешбір шектеуге 
қарамастан, әдістеріңіздің сенімді екенін дәлелдеңіз.
4. 
Ұсынылған әдістер этикаға сай ма? 3-тарауда талқыланғандай, этика барлық 
зерттеу процесі үшін аса маңызды (этика жөніндегі ұсынысқа, әрине, айрықша 
назар аударады). Ұсыныста респонденттердің абыройына, хал-ахуалына психи-
калық және физикалық тұрғыда еш залал келмейтіні, жан-жақты қорғалатыны 
көрсетілуі керек.
5. 
Ұсынылған әдістер практикалық па/орындала ма? Әдістер қаншалықты қисынды 
әрі мұқият ойластырылған болса да, сарапшылар оның жүзеге асатынына сенбе-
се, ештеңе де шықпайды. Тәжірибеңіз бар екенін немесе оны дамыта алатыны-
ңызды, қажет деректерді қолға түсіре алатыныңызды; белгіленген уақытқа үл-
геретініңізді; бюджет шеңберінен шықпайтыныңызды дәлелдеңіз (уақыт кестесі 
мен бюджетті де қамту қажет).
Әдістерге арналған бөлімде қолданған тәсіліңіздің тиімді, этикалық талап-
тарға саи� екеніне, соның арқасында сұрақтарға жауап алу қолыңыздан келеті-
ніне бәрін сендіруге тиіссіз. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   107   108   109   110   111   112   113   114   ...   503




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет