133
Әдебиетке шолу
мағлұматтар да толып жатыр. Сондықтан рецензияланған журнал мақаласын
қарағаныңыз абзал. Бірақ журнал мақаласының да сапасын бағалау керек. Оны
қалаи� жасаи�сыз? 4-тарауда сипатталғандаи�, зерттеудің сенім тудыра алатынын
тексеру мақсатында мынадаи� сұрақтарды қои�саңыз болады (4.2-кесте).
Мақаланы
оқи отырып, мына сұрақтарға жауап іздеңіз:
y
Зерттеушінің
субъективтілігін ашық айтып, оны басқарған ба?
y
Ол жарамды және/немесе аутентті ақиқатқа бастайтын
логикалық әдістерді қол-
данған ба?
y
Оның тәсілі бірізді ме?
y
Қолданған дәйектері өзекті әрі тақырыпқа қатысты ма?
y
Зерттеуді қайта қарауға/тексеруге бола ма?
Зерттеу жүргізуге бірінші рет кіріссеңіз, нағыз зерттеушілердің еңбегін ба-
ғалау қиынға соғады. Бірақ дағдыны дамыту өте маңызды. Зерттеуші ретінде
білім қорына үлес қосасыз, сондықтан сол қордың жаи�-күи�ін бағалаи� алуыңыз
керек; бұрыннан бар дүниелерді сын елегінен өткізу қажет. Зерттеушілік дағ-
дыңыз дамыған саи�ын басқалардың жұмысын бағалаи� аласыз.
Жүйелі болу
Өзіңізге аса қажет сілтемені жоғалтып алып, оны іздегеннен жаманы жоқ.
Ол бет нөмірі көрсетілмеген дәи�ексөз шығар немесе жаи� факт болар, кеи�де бір
мәліметті кірістіріп жіберетін сәт туа қалады, бірақ оны қаи�дан оқығаныңыз-
ды еске түсіре алмаи� дал боласыз. Ресурстарыңыздың бәрін басқару жүи�есіне
кіргізе алсаңыз, болашақта уақыттан көп ұтасыз.
Керек кітап, мақала т.б. көшірмесін сақтап, тіркеп қои�ыңыз; көшірмеңізді
өзгеге бермеңіз. Алған адам «осы аптаның соңында қаи�тарамын» деп ант-су
ішкенімен, қаншама кітап пен мақала иесіне қаи�тпаи� қалады. Жақсы дәи�ексөз-
дерді де сақтап отыру керек. Қазір сілтемесі дұрыс жасалмаған дәи�ексөздерді
де көп кездестіреміз, бірақ мұны ерекше ои� еңбегін талап ететін ауыр жұмыс
деи� алмаи�мын. Бәлкім, шаршап, шалдығарсыз, дегенмен оны дұрыстап жасау
соншалықты қиын емес. Бәрін дұрыстап ұи�ымдастырып, мұқият болу керек.
Әуел бастан ұсынылған сілтеме стилін ұстаныңыз, стиль жөніндегі нұсқаулық-
ты сақтаңыз, содан ауытқымаңыз. Нұсқаулықты берік ұстану және, тиісінше,
толтыру болашақта көп проблеманың алдын алады.
ProCite, Mendeley, EndNote немесе Reference Manager сияқты библиография-
лық фаи�лдарды басқаруға арналған бағдарламалық жасақтамаларды қолданса-
ңыз болады. Бұл бағдарламалар негізгі библиографиялық деректерді енгізген
соң кез келген стильдегі (мысалы, Harvard, APA, Vancouver) сілтемені автоматты
түрде форматтап береді. Тек бір жаи�т: жобаға қатыстының бәрін, соның ішінде