140
ЗЕРТТЕУ ЖОБАСЫН ЖҮРГІЗУ: НЕГІЗГІ НҰСҚАУЛЫҚ
7.
Дәйек сөзі бар үзінділерді жинаңыз
. Олардың біразын электрондық түрде табуға
болады.
8.
Үзінділерді оқып, тақырыпқа қатысы жоқ мақаланың бәрін алып тастаңыз
.
Тақырыпқа еш қатысы жоқ ақпараттан құтылыңыз, қалғандарын өзектілігіне қа-
рай сұрыптаңыз.
9.
Тереңірек үңілу керек пе, әлде назар аудару керек пе – анықтап алыңыз
. Назар
аудару үшін дұрыс айнымалыларды қоссаңыз болады (6.3-сызбаны қараңыз)
және/немесе ертеректе, мысалы, бес не жеті жыл бұрын жасалған зерттеуді
қараңыз. Әдебиеттерді іріктеу немесе репрезентативті қамту арқылы да шолуды
шектеуге болады. Ауқымды кеңейту дегеніміз – айнымалыларды шектеу/өзгерту
және/немесе уақыт аралығын арттыру. Есіңізде болсын, өзекті, ақпараты мол
әрі пайдалы зерттеу жұмысы сіздің тақырыпқа тікелей қатысты болу керек деген
шарт жоқ.
10.
Тақырыпқа қатысты жазбаларды жүйелі түрде тіркеп отырыңыз
. Бәрін қамтитын
библиографияны өзіңіз жасауға немесе ProCite, EndNote не Reference Manager
сияқты библиография жасауға арналған бағдарламалық жасақтаманы пайдала-
нуға болады.
11.
Тақырыпқа қатысты әр мақаланы оқып, аннотация жасаңыз
. Осыған дейінгі та-
рауда айтылғандай, автор/аудитория, негізгі сәттер, сын-пікір және тақырыптың
өзектілігі жайлы пікір жазып отырыңыз.
12.
Аннотацияларды сұрыптап, бір ретке келтіріңіз
. Тақырыбына, көтерген пробле-
масына және жалпы кемшілігіне т.б. қараңыз. Сол кезде өз аргументіңізді ұсыну-
ға дайын үлгі пайда бола бастайды.
13.
Әдебиетке шолуға арнап нобай жасаңыз
. Керек әдебиетті қамтығаныңызға
оқырманды сендіретін аргументтерді табыңыз. Пайымыңыз қалыптасқан сайын
құрылым да
өзгеріп отырады, бірақ басты дәйек зерттеуді сіз ұсынған әдіспен
жүргізуіңіз үшін басты дәйегіңіз өзгермесін.
14.
Мақсатты түрде жазыңыз
. Әдебиетке шолуды жоспарсыз жазу мүмкін емес.
Аудиторияңыз шолудың әр бөліміндегі негізгі ойды анықтай алуы керек.
Мәселені не үшін көтергеніңізді түсінбесе, ұстанымыңызды қайта қарағаныңыз
жөн (6.2-қосымшаны қараңыз).
15.
Аргументтеріңізге сендіру үшін әдебиеттерді пайдаланыңыз
. Басқалардың ар-
гументтерін шолып, баяндап немесе өзіңіздікі сияқты көрсеткеннің орнына өз
дәйегіңізді келтіріп, дамыту үшін әдебиеттерді пайдаланыңыз. Яғни әр абзац әде-
биетке сілтеме жасалған көзқарасты білдіруі керек.
Мысалы: Климат өзгерісіне орай білім мен
мінез-құлық өзгерісі арасын-
да байланыс бар деген пікір дау тудырады [осындай ойды ұсынып отырсыз].
Бірқатар зерттеу климат өзгерісі туралы білу мінез-құлыққа әсер ететінін көрсет-
ті (Jones, 2008; Wong, 2002; Smith, 2007), ал Берни мен Повис (2009) жүргізген
соңғы зерттеуде білімнің бұл өзгеріске ықпалы аз екенін дәлелденді. Білімнің
өзгерісіне замандастар мен көршілердің тәжірибесі көбірек ықпал етеді дейді
[сіздің көзқарасыңызды қолдайтын дәлел].
141
Әдебиетке шолу
Әр абзацты автордың атын атаумен, яғни «Джонс (2008) былай дейді», «Уонгтың (2002)
пікірінше» және «Смит (2007) былай дәлел келтіреді» деп бастау оңайырақ.
16.
Керек стиль мен екпінді ұстаныңыз
. Яғни тым сыпайылық танытып, құрмет көр-
сетудің
керегі жоқ, бірақ шектен тыс сын да айта бермеңіз. Есіңізде болсын,
мақсатыңыз – өз идеяңызды ұсынып, пікір өрбіту, талқылау және білімге үлес
қосу. Өзіңізді қарапайым студент сезінсеңіз, сын айту қиынға түседі. Өзгелердің
еңбегінің кемшілігін теру арқылы бедел жинауға ұмтылсаңыз, шектен тыс сын-
шыл, міншіл әрі еңбектің маңызын бағалай алмайтын адам болып көрінесіз.
17.
Фидбәкті көптеп жинаңыз
. Әдебиетке шолу жасау – күрделі жұмыс. Жетекші қа-
лауын дөп басып табу да оңай емес.
Жазу процесін бастап, кері байланыс орнату
үшін соңғы сәтке дейін күтіп отырмаңыз. Жетекшіңізге немесе басқа бір мүдделі
адамға жұмысты бастағаннан-ақ драфт нұсқасын беріп қойыңыз.
18.
Қайта драфтауға дайын болыңыз
. Студент болсаңыз да, кәсіби зерттеуші болса-
ңыз да, екі (немесе үш, төрт) қайыра драфтамай жұмысты бітіруіңіз екіталай.
(Әдебиетке шолу жасаудың жақсы және нашар үлгілерін көру үшін қосымша
саи�ттарды қараңыз ).
Достарыңызбен бөлісу: