Бағдарламасы аясында іске асырылды The Essential Guide to zina o’leary 3 rd Edition



Pdf көрінісі
бет146/503
Дата01.04.2022
өлшемі7,43 Mb.
#137498
түріБағдарламасы
1   ...   142   143   144   145   146   147   148   149   ...   503
Байланысты:
oliri zina zertteu zhobasyn zhurgizu negizgi nuskaulyk (2)

6 . 2 - Қ О С Ы М Ш А
https://study.sagepub.com/oleary3e


142
ЗЕРТТЕУ ЖОБАСЫН ЖҮРГІЗУ: НЕГІЗГІ НҰСҚАУЛЫҚ
Тарауды қорытындылау 
y
Жақсы зерттеу жұмысы тақырыпқа қатысты, әдіснамалық және теориялық еңбек-
терді қамтуды талап етеді. Бұл тақырыпты зерделеп, сұрақты анықтауға көмек-
теседі, зерттеуіңізді теориялық тұрғыда негіздеп, жақсы дизайндауға, әдебиетке 
шолу жасауға және кейде бастапқы дереккөз болуға ықпал етеді. 
y
Әдебиет түрлеріне анықтама материал, кітап, журнал, «сұр әдебиет», ресми жа-
рияланым, мұрағат деректері мен жазбаша құралдар жатады. Керек материал-
ды табу үшін кітапханашыдан көмек сұраңыз. Жетекшіңізден, басқа зерттеуші-
лерден кеңес алыңыз. 
y
Әдебиеттерді табу оңайлаған сайын студенттер түрлі электрондық дерекқор 
мен іздеу жүйесінен кілт сөздерді пайдаланып, материал іздеу дағдысын жетіл-
діруі керек. Жазба еңбектер саны көп болғандықтан, өзектілігі мен сапасына 
қарай керегін сұрыптаңыз. 
y
Керек әдебиеттің қажет бөлігін жазып алу арқылы дереккөзді басқарып, аннота-
ция жасауға болады. Оған дәйексөз жазып алу, автор мен аудиторияның бағытын 
ескеру, қысқаша түйіндеме, сыни пікір және зерттеудің өзектілігі жайлы жазба кі-
реді, оның бәрі материалдың маңызын, дәлдігі мен сапасын еске салып отырады. 
y
Әдебиетке шолудың ресми үлгісі – оқырманға тақырыбыңыз жайлы ақпарат 
беретін, зерттеуші ретінде жұмысыңызға сенім тудыратын және жұмысыңыз-
дың қажеттігі мен өзектілігі жайлы пікір қалыптастыратын өте маңызды, дәлел-
ді жазба. Зерттеушілердің көпшілігі оны ауыр міндет санайды, себебі ол төзімді, 
тәжірибені ғана қажет етіп қоймай, драфт нұсқа жазып, қайта драфтауды да 
талап етеді.
Әлі де түсініксіз жайттар көп. Аргументтерді қолдан дейсіз, бірақ нақты 
қандай аргумент келтіруім керек?
Бұл сұрақтың жауабы күрделі емес. Оған жетудің жолы көп, бірақ әр 
әдебиетке шолуды бағыттаи�тын негізгі аргумент бірдеи� екенін ұмытпа-
ңыз. Әдебиетке шолу жасағанда белгілі бір қорытындыға келуді мақсат 
тұтасыз; Сондықтан зерттеуді мен ұсынғандаи� етіп жүргізгеніңіз жөн. 
Негізгі аргумент – қажеттіліктің болуы. Ол қажеттілік жұмысыңызға қа-
тысты материалдармен танысқан кезде тапқан мағлұматтарыңызға қараи� 
анықталады. Әдебиеттің басым бөлігі жалған болжамға құрылған дерсіз 
немесе оның контекске қатысы жоқ не әдіснамалары қате деген пікірді 
алға тартуыңыз мүмкін. Сандық зерттеу басым болғандықтан ешкім жағ-
даи�ға терең үңілмеген екен, сондықтан әлі де жан-жақты, терең зерттеу 
керек шығар. Осындаи� көп пікірлер аи�та аласыз, басқа да идеялар туады. 
Қорытындылаи� аи�тсақ, әдебиетке шолу бұрын жүргізілген жұмыстарға пі-
кір білдіру ғана емес, оны зерттеуіңіздің маңызын көрсету деп қабылдаңыз.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   142   143   144   145   146   147   148   149   ...   503




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет