7.1-сызба. Бір жол
Q
A
7.2-сызба. Бірнеше жол
7.3-сызба 7.2-сызбадағы бірнеше жолды көрсетеді. Біздің кім екеніміз және
не істеп жүргеніміз қалаи� көретініміз бен нені табатынымызға әсер етуі мүмкін.
Әрбір әдіснамалық дизаи�н жауаптарды әртүрлі тұрғыда анықтауға мүмкіндік
береді. ХХ ғасырдағы кванттық механиканың негізін қалаған физиктердің бірі
Вернер Хаи�зенберг (Werner Heisenberg) аи�тқандаи�: «Біз бақылап жатқан нәрсе
табиғаттың өзі емес, сұрақ қою әдісіне душар болған табиғат екенін есте ұстаған
жөн» (Shulman and Asimov, 1988: 324).
Бұл модельдер дамуының маңызына, олардың зерттеушіге жүктеген үлкен
жауапкершілігіне келіп тіреледі. Бір жолды табудан бірнеше жолдың ішінен
таңдауға және сол жолдардың салдарын рефлексивті қарастыруға көшкенде,
сенім тудыру мәселелерін ескеру қажеттігі арта түседі. Әдіснама дамуының
7.3-сызбаға ұқсас болғанын қаласаңыз, дизаи�ныңыз ои�лау ои�ынына аи�налады.
Бұл сенімді деректер мен нәтижеге қол жеткізуге кепілдік береді, ои�ластырыл-
ған шешімдер қабылдауды талап етеді.