149
Зерттеу
жоспарын дизайндау
немесе популяциялық зерттеуді, сауална-
ма немесе сұхбат алу серияларын жасауға
ұмтылады. Дегенмен әдіснамалық тәсіл-
дерді дамытудағы мақсатыңыз – сұрағы-
ңызға жауап беретін ең қолаи�лы әдісті
табу екенін естен шығармаңыз. Зерттеу
жасаудың бір әдісі «басқа әдістен жақсы
екен» деп, үи�реншікті жолдан шықпаи�, бір
орында отырмағаныңыз жөн. Әдістеріңіз
сұрақтардан өрбуі керек.
Сұрағыңыздың алғаш құрастырыл ған-
нан-ақ тасқа қашалғандаи� нық болмаи�-
тынын 4-тарауда талқыладық. Зерттеу
құрастыру мен қаи�та құрастыруды талап
ететін қаи�талама процесс болғандықтан,
зерттеу процесі бои�ынша сұрағыңыз да өз-
геруі мүмкін. Алаи�да зерттеудің соңында
әдіснамалық дизаи�н мен соңғы сұрағыңыз-
дың арасындағы үи�лесімді баса көрсету
керегін білгеніңіз дұрыс. Зерттеу жобасы-
ның алғашқы сұрағы да, соңғы сауалыңыз
да немесе екеуі де өзгеруі мүмкін. Екеуі
де баи�ланысты болсын.
Бірінші тарауда
әдіснама мен әдістердің аи�ырмашылығын
көрсеттім, ал осы бетте анықтамаларды
тағы еске салаи�ын.
Әдіснама деңгейінде жұмыс істеу
Әдіснаманы таңдауда ең маңызды факторлардың бірі – қолданыстағы
әдіснамалармен таныс болу. Түрлі процестерден хабардар болыңыз. Ғылыми,
гипотетикалық-дедуктивті әдістерге негізделген дәстүрлі сандық стратегия-
лардың, сондаи�-ақ зерттеуді тереңірек қарастыруға бағытталған сан түрлі са-
палық стратегиялардың бірқатарымен 8-тарауда танысасыз. Бірнеше стратегия
бои�ынша жұмыс істеи�тін аралас әдіснамалық тәсілдерді қарастыруға болады
(9-тарауды қараңыз). Сондаи�-ақ іс-әрекетті зерттеу мен алдыңғы және кеи�інгі
бағалау әдіснамалары секілді білім өндірумен қатар, өзгеріске де жетелеи�тін
тағы бірнеше мақсатты стратегиялары бар (10-тарауды қараңыз). Негізінде, ең
дұрысы, осы тәсілдер туралы терең білу, зерттеу жобаңыздың нақты өмірдегі
маңызын және стратегиясын зерттеу мақсатына лаи�ықтау.
Енді жобаңызға келсек, әдетте келесі қадамдардың бірін немесе бірнешеуін
жасауға тырысасыз: проблеманы түсіну; орындалатын шешімдерді табу; шешім
Әдіснама
– түрлі зерттеу мектептерін леги
-
тимді қылатын, нақты парадигмалық жорамал
-
дарға қатысты пайымдау принциптерін ұсынатын,
ауқымды, бәрін қамтитын макродеңгейлі құры
-
лым. Әдіснама зерттеу жүргізуге қажет страте
-
гияны ұсынып, жұмысты негіздеуге көмектеседі.
Оған ғылыми әдіс, этнография және іс-әрекетті
зерттеу жұмыстары мысал бола алады (8, 9 және
10-тарауларды қараңыз).
Әдістер
– дерек жинау мен талдау үшін
қолданылатын макродеңгейлі тәсіл.
Дерек
жинауға сұхбат алу,
сауалнама, бақылау және
сырттай бақылау тәсілдері кіреді (12 және
13-тарауларды қараңыз); ал талдау әдісі
сандық стратегияны (яғни статистика) және
сапалық стратегияны (тақырыптық зерттеу)
қамтиды (14 және 15-тарауларды қараңыз).
Құралдар
– сауалнама, бақылау тізімі
және сұхбат кестесі сияқты зерттеуге қатыс
-
ты деректерді
жинау кезінде қолданылатын
құралдар (12 және 13-тарауларды қараңыз).
Достарыңызбен бөлісу: