137
Әдебиетке шолу
жағдайды хабардар етуі керек. Әдебиетке жан-жақты шолу жасағанда қазіргі
контекст туралы есеп беріп, тақырыпқа қатысты теорияларды, әдістер мен сол
тақырып бойынша әдебиет негізін құрайтын ғылыми зерттеуді талқылайды.
Тақырыпқа сай деректі жинақтап ұсынады.
y
Зерттеушінің сенім тудыра алатынын көрсету
. Зерттеуші жаңа білім өндіруге
жауапты болғандықтан, олар салаға қатысты жаңалықтардан хабардар екенін,
өзгерістерді бақылап отырғанын дәлелдей алуы керек; өз зерттеу саласындағы
ғылыми дискурстар мен пікірталастарды бақылап жүргені дұрыс. Әдебиетке шолу
зерттеушінің тиісті зерттеу жұмысына қатаң әрі сыни баға беру арқылы оның шы-
найылығын анықтауға мүмкіндік береді; негізгі мәселелерді түсініп, өз жұмысы-
ның саладағы басқа еңбектерге қатысын жалпылама сипаттап беруі керек.
y
Зерттеу жұмыстарының қажеттігі мен өзектілігін талқылау
. Зерттеушінің шолу
жасаған әдебиеттері өз зерттеу бағдарламасының маңызды екенін көрсетуі
керек. Ол қазіргі зерттеу жұмысын бұрынғы еңбектермен салыстырып, солар-
дың аясында қарастырады. Әдебиетті шолу арқылы бұрынғы еңбектерде кеткен
олқылықтар анықталады. Демек, салаға қатысты зерттеу жүргізу маңызды әрі
орынды. Сондай-ақ ол жалпылама қабылданған әрі зерттеу түріне тән әдісна-
малық тәсілдерді сыни бағалауды, бұрынғы зерттеуде де кездескен шектеулерді
анықтауды және әдіске негіз болған дәлелсіз болжамдарды анықтауды мақсат
етеді.
Есіңізде болсын, әдебиетке шолу – құжат анализі емес. Ол, негізінен, бұрынғы
зерттеушілер жүргізген ғылыми зерттеуді шолу. Құжат анализі – дерекке жана-
ма анализ жасау формасы (13-тарауды қараңыз). Дерек жинау және дәлел іздеу
мақсатында саяси құжаттар, заң, ұи�ымдастыру хаттамасы сияқты мәліметтерді
зерделеи�сіз. Бұл әдебиетке шолудан бөлек. Құжат анализі зерттеу сұрағына
жауап беретін сенімді әдіс ретінде танылса, онда оны әдістер бөліміне қосып көр-
сетіңіз. Ал сол әдіс арқылы тапқандарыңызды нәтижелер бөлімінде жазыңыз.
6.1-кестеде әдебиетке шолудың мақсатын терең түсіну үшін әдебиетке шолу
және білім жетілдіру ниетімен жасалған шолудың мақсаттарын салыстырмалы
түрде баяндадық.
Достарыңызбен бөлісу: