Бағдарламасы аясында іске асырылды The Essential Guide to zina o’leary 3 rd Edition


Этика: адалдық және зерттелушілер



Pdf көрінісі
бет99/503
Дата01.04.2022
өлшемі7,43 Mb.
#137498
түріБағдарламасы
1   ...   95   96   97   98   99   100   101   102   ...   503
Байланысты:
oliri zina zertteu zhobasyn zhurgizu negizgi nuskaulyk (2)

Этика: адалдық және зерттелушілер
Адал зерттеу жүргізуде этиканың маңызы ерекше. Билік жауапкершілік арта-
ды. Зерттеуші ретінде «зерттелушілер» алдында толық әрі шынаи�ы жауапкер-
шілігіңіз бар. Респонденттердің психикалық және физикалық саулығы толық 
сақталуы керек. Соның бәрін түсіну, жауапкершіліктің құқықтық, моральдық 
және этикалық талаптарына толық саи� болуын қадалағау – кез келген зерттеуші 
үшін міндетті шарт.
Құқықтық міндеттемелер
Турасын аи�тқанда, зерттеуші заңнан биік емес. Биік болғысы келетіндер 
бар шығар, бірақ ол мүмкін емес. Ғылым қоғам заңдарына негізделеді. Жалпы 
қоғам үшін заңсыз нәрсе зерттеушілер үшін де, зерттеуге қатысушылар үшін де 
заңсыз. Қазіргі кезде зерттеушілерге жүргізген жұмысының заңсыз іс-әрекет-
ке қатысы бар-жоғын анықтау қиындық тудырмаи�ды. Мұндаи�да көбі қисынға 
жүгінеді. Бірақ заңсыз іс-әрекетті зерттегісі келетін немесе зерттеу кезінде 
заңсыз іс-әрекетпен бетпе-бет келген ғалымдардың алдында құқықтық ди-
лемма паи�да болады. Мысалы, студенттерім қораз төбелестіру, ауруханада ем-
делушілерге дұрыс қарамау, жекеменшік мектептерде оқушыларға қол көтеріп, 
жазалау сияқты мәселелерді зерттеді. Бұл студенттер «Зерттеу кезінде білген 
кез келген заңсыз әрекет туралы мәлімдеу міндетіме кіре ме?» деген сұраққа 
бас қатырды. Мысалы, ата-анадан стресс туралы сұхбат алу кезінде ата-анасы 
баласына қатыгездік танытатынын білдіңіз. Оны құпия сақтауыңыз керек пе, 
әлде құқықбұзушылық туралы хабарлауға тиіссіз бе?
Бұл жерде «заң былаи� деи�ді» деп үзілді-кесілді аи�ту қиын, ол мемлекетке 
және жағдаи�ға қараи� анықталатын шығар. Заңсыз іс-әрекет туралы хабар-
лауға міндетті болуыңыз да, болмауыңыз да мүмкін, бірақ көп мемлекет-
те сот деректеріңіз бен фаи�лдарыңызды өзіне алдыртуы ықтимал. Заңдық 
прецеденттер бои�ынша, зерттеушінің құпиялық туралы кепілдемесі сотқа 
жарамаи�ды. Зерттеуші заңгер, дәрігер немесе дін қызметкері сияқты құқық-
тарға ие емес.
Мұндаи� жағдаи�да өзгелердің кеңесіне жүгініңіз. Мұнда салмақты екі бағыт 
бар. Біріншісі – этика жөніндегі комитет. Этикалық рұқсат алуға өтініш бергенде 
осындаи� проблема туындаи�тынын назарда ұстаған боларсыз. Комитет рұқсат 
бермеи� тұрып осындаи� жағдаи�ға қатысты стратегиялар мен хаттамаларды ұсы-
нуы керек болатын, сол хаттаманы сіздің ұстануыңыз керек еді. Екінші кеңес-
ші – жетекшіңіз. Қалаи� әрекет етуді білмеи�тін жағдаи� туындаса, жетекшіңізден 
кеңес сұраңыз.


91
Этика талаптарына сай, сенім тудыратын зерттеу жүргізу


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   95   96   97   98   99   100   101   102   ...   503




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет