87
Этика талаптарына сай, сенім тудыратын зерттеу жүргізу
Сондықтан зерттеушілердің көпшілігі жаппаи� қолдануға болатын нәтиже-
ге жетуді мақсат етеді. Кеи�де мұндаи� мақсаттағы нәтиже нақты зерттеудің не
жағдаи�дың аясынан шығып кетеді. Мұндаи� жағдаи�да зерттеушілер зерттелетін
адамдар тобы атынан сөи�леп тұрғанына көз жеткізуі керек. Кез келген зерттеу
қорытындысы негізгі жиынтыққа паи�далануға жарамды болуға тиіс, қол жет-
кізген нәтиже ауқымды тенденцияны көрсетуі керек.
Аталған критерии�ге саи� болсаңыз, зерттеу нәтижесін
жалпылай (genera lizable)
аласыз. Негізгісі – ақылға қонымды, жан-жақты мәлімдеме ұсыну (10-тарауда
талқылаи�мыз). Орташа және кең ауқымды жобада осы қадамға бара аласыз.
Бірақ зерттеу жобаңыз нақты бір жағдаи�ға арналса немесе сапалық деректерді
тереңнен жинап, зерттеу көлемін шектесе не болмақ? Бұл жағдаи�да
жалпылау
(
generalizability
) мүмкін емес. Сонда да ауқымды зерттеуге ұмтыла бергеніңіз жөн.
Ондаи� жағдаи�да мақсатыңыз –
тасымалдау
(
transferability
) индикаторы немесе/
балама жағдаи�да «сабақ алу» көрсеткіші болмақ. Мысалы, бір мектептегі нақты
тақырыпқа терең зерттеу жүргізсеңіз, оны басқа мектептерге де қолдана алмаи�сыз;
бірақ содан алған тәліміңізді сәи�кес проблемаларға қолдануға болады, мектепке
қатысты басқа мәселелерге оның көмегі тиеді. Бұл жердегі негізгі кілт – зерттеу
әдісі мен шарттарын толық сипаттау. Сонда зерттеуге қатысты есепті оқыған адам
нақты қандаи� тақырыпты ашуы керек екенін тез-ақ түсінеді.
Достарыңызбен бөлісу: