Зерттеудің шектеулерін анықтау Студент жазбасынан алынған мына үзіндіде зерттеудің шектеулерін анықтау-
ға мүмкіндік беретін үш сатылы тәсілге жақсы мысал келтірілген:
Бастапқы дерек жинау хаттамасы бойынша тұрғындарды кездейсоқ таңдап,
сауалнама алуды көздеген едік. Алдын ала жүргізілген зерттеу тұрғындар ауқы-
мы белгісіз екенін көрсетті. Отбасындағы зорлық-зомбылықтан зардап шеккен
ер адамдардың тізімі мүлде жоқ. Отбасында зорлық-зомбылық көрген ер адам-
дардың көбі ол туралы жақ ашқысы келмейді [1-қадам]. Сондықтан кеңселерге
үнпарақты тарату арқылы зерттеуге қатысатын еріктілерді іздейміз деп шештік.
Оған қоса, «жабыла жинақтау» тәсілімен іріктеу техникасына
*
сәйкес, еріктілер-
ге үнпарақты зорлық-зомбылыққа тап болған таныстарына таратуын сұрадық.
[2-қадам]. Осындай жолмен жүргізілген сауалнама нәтижесі тұрғындардың ба-
сым бөлігінің пікірін көрсететініне толық сенбесем де, бұл зерттеуге қатысуға
ниетті әрі ашық-жарқын еріктілерді көптеп жинау арқылы аталған құбылыс тура-
лы бағалы ақпарат алуға болады. Атап айтқанда, отбасындағы зорлық-зомбы-
лықтың жете зерттелмеген бір қыры туралы мәлімет аламыз [3-қадам].