Бағдарламасы аясында іске асырылды The Essential Guide to zina o’leary 3 rd Edition



Pdf көрінісі
бет80/503
Дата01.04.2022
өлшемі7,43 Mb.
#137498
түріБағдарламасы
1   ...   76   77   78   79   80   81   82   83   ...   503
Байланысты:
oliri zina zertteu zhobasyn zhurgizu negizgi nuskaulyk (2)

Этика талаптарына 
сай, сенім тудыратын 
зерттеу жүргізу


72
ЗЕРТТЕУ ЖОБАСЫН ЖҮРГІЗУ: НЕГІЗГІ НҰСҚАУЛЫҚ
Билік, саясат, этика және зерттеудегі адалдық
Ақиқаттың алдында біздің ғылым қарабайыр әрі жас баладай аңғал болып кө-
рінеді, бірақ біздегі ең бағалы дүние – осы ғана. 
Альберт Эйнштейн
Ғылым – қарабаи�ыр әрі баладаи� аңғал, бірақ бағалы. Эи�нштеи�ннің бұл пікірі 
нені меңзеи�ді, зерттеушілер үшін оның маңызы қандаи�? Ғылымның қарабаи�ыр 
әрі аңғал болатын себебі – ақиқатқа жету ұмтылысымызда көп биікті бағындыра 
алмадық, бағындыра алмаи�тын да шығармыз. Бағалы болатын себебі – ғылым 
үи�ренуімізге, ізденіп, өзгеріп, өсуімізге ықпал етеді, сол арқылы қалыптасқан 
жағдаи�ды өзгертеміз. Демек, зерттеуді аса сақтықпен жүргізу керек. Әр кезеңде 
жауапкершілік пен адалдықты сақтауды мақсат ету қажет. Зерттеудің ең қиын 
тұсы да сол болмақ. 
Зерттеудегі адалдық билік пен саясат қатар рөл ои�наи�тын екі ауқымды са-
лада сақталғаны маңызды. Біріншіден, білім өндіруге ұмтыласыз, бұл кездегі 
міндет – ақиқатты аңғарып, оған жете алатыныңызға көз жеткізу. Қателік пен 
біржақты пікірге ұрынбаған қорытындыға келгеніңіз және зерттеуді кәсіби 
адалдыққа саи� жүргізгеніңіз маңызды. Екіншіден, өзгелермен этикалық талап-
тарды сақтап жұмыс істеңіз. Зерттеуге қатысқан жандардың құқығы сақтала-
тынына әр кез кепіл болғаныңыз жөн.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   76   77   78   79   80   81   82   83   ...   503




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет