Әдебиетке ден қою Зерттеу кезінде көп оқудың маңызы өте зор. Зерттеу тақырыбы туралы бәрін
білу мүмкін емес, мәселеден жеткілікті дәрежеде хабардар болатын кезіміз де
сирек. Өзіңіз қызыққан салаға қатысты жағдаи�лармен, қосымша мәліметтер-
мен, дау-дамаи�лармен, академиялық пікірталастармен, саяси бағдарламалар-
мен жіті таныс болсаңыз – уақытыңызды орынды жұмсаи� білгеніңіз. Осындаи�
дағдының арқасында зерттеуші өзекті мәселелерді және зерттеуді талап ететін
проблемаларды анықтаи�ды. Өзіңіз оқыған әдебиетте «қамтылмаи� қалған мәсе-
лені зерттесем» деген ынта паи�да болады. Жалпы түсінік ретінде қалыптасқан
кеи�бір тұжырымға күмән келтіруіңіз мүмкін. Пікір тудырған мәселеге иннова-
циялық тәсіл қолданғыңыз келеді. Проблемаға қатысты бұлтартпаи�тын дәлел
жинағыңыз келетін шығар. Зерттеу жұмысының соңында қои�ылған қосымша
сұрақтарға жауап іздеуіңіз де мүмкін.
Тақырыбыңызға қатысты әдебиеттерді қараумен қатар, теория туралы жазған
еңбектерге де қызығушылық танытқаныңыз жөн. Теорияны оқып отырғанда
ои�ыңызға әлдене түсе қалады. «Иә, солаи� ғои�» деген ои� келеді. Нақты жағдаи�ға
сол мәселе ықпал еткен болар немесе әрекет иесінің қандаи� да бір қадамға баруы-
на әлдебір себеп әсер еткен шығар. Менің бір студентім Альтуссердің кітабынан
отбасы, мектеп және шіркеу сияқты институттардың жеке тұлғаға мемлекеттік
Дін Дінді
ауыстыру
Атеизм
Бедел,
билік және
бақылау