Дұрыс зерттеусұрағының эволюциясы Бастапқы сұрақ: балаға деген қатыгездікпен мектептер қалай күресуі керек?
Проблемалар:
екіұшты мәселе көп – «мектепте, балаларға жасалатын қаты-
гездік», «қатыгездік көрсетуші», «күресу жолы» сияқты терминдерге анықтама беру
керек.
Әдебиеттерді қарап, мүдделі тұлғалармен сөйлесіп, жетекшімен ақылдасқаннан
кейін сұрақ қайтадан қарастырылып, төмендегідей қойылды.
Қайта қарастырылған сұрақ: Ұлыбритания бастауыш мектептерінде физи-
калық, эмоциялық немесе сексуалдық қатыгездікке қатысты оқушылар
шағымына мектеп қызметкерлері қолданған үздік тәжірибе қандай?
Бастапқы сұрақ: есеп беруге міндеттеу отбасындағы зорлық-зомбылықты азайта
ма?
Проблемалар:
екіұшты мәселе көп – «есеп беру», «отбасындағы зорлық-зомбы-
лық», «мүдделі тараптар» терминдеріне анықтама беру керек. «Иә» немесе «жоқ» деп
жауап беруді ғана талап етіп тұрғандай көрінетін сұрақ қате болуы мүмкін.
Әдебиеттерді қарап, мүдделі тұлғалармен сөйлесіп, жетекшімен ақылдасқаннан
кейін сұрақ қайтадан қарастырылып, төмендегідей қойылды:
Қайта қарастырылған сұрақ: статистикалық деректерде тіркелген жағдай-
лардың көбейгеніне қарамастан, «Солтүстік аумақтағы тұрмыстық және
отбасылық зорлық-зомбылық туралы» заңға енгізілген тұрмыстық зорлық
туралы есеп беруге міндеттейтін түзетулер осындай оқиғалардың азаюына
ықпал етті ме?
Бастапқы сұрақ: Facebook платформасы барлық зерттеушіге ашық болуы керек пе?