2 . 4 - Қ О С Ы М Ш А
46
ЗЕРТТЕУ ЖОБАСЫН ЖҮРГІЗУ: НЕГІЗГІ НҰСҚАУЛЫҚ
зерттеушілер арасында жиі кездеседі. Қаи� бағытта кетіп бара жатқаныңызды
нақты анықтап алу керек, сонда діттеген межеге дәл жетесіз. Жетекшіңізбен
немесе замандастарыңызбен сөи�лессеңіз, олардың сізге деген сенімі өзіңізге
қарағанда басым екенін баи�қап, күш жинаи�сыз. Сенімін жоғалтқан студентте-
ріме оқу процесінің дәл ортасына келгендерін аи�тамын; дағды мен сенім уақыт
өте келе күшеи�е бермек.
Кеи�де бағыттан адасқандаи� сезінесіз. Тіпті қысқа жобаны қолға алғанда да
сондаи� жағдаи�ға кезігесіз. Зерттеу, негізінен, ауқымды зерделеу жұмыстарынан
басталады, сол арқылы көп нәрсенің басын ашып аласыз. Зерделеудің арқасында
біліміңіз кеңеи�іп, жаңа пікірге келіп, ои� түи�есіз. Бірақ бір кемшілігі – бағыттан
жаңылғандаи� күи� кешесіз. Зерттеу саяхатындағы жолыңыздан адасып, енді
қаи�да бет аларыңызды білмеи� қалуыңыз мүмкін. Жол табу үшін нені білгіңіз
келетінін анықтап, жетекшіңізбен ашық әрі ақтарыла сөи�лесіңіз, жауаптың
өз-өзінен табыла кетпеи�тінін түсініңіз. Таңдаған бағытыңызға қатысты қатаң
шешім қабылдау керек болар.
Кеи�де жұмысты ұи�ымдастырудың осалдығын баи�қаи�сыз, ондаи� кезде «ұи�ым-
дастыру нашар болып тұр» деп аи�ту жеткіліксіз. Бұған деи�ін де өзіңізді тәртіпке
шақырудың қиындығын баи�қаған боларсыз. Тәртіпке бои� үи�рете алу керегі
анық, бірақ оны іске асыру қиын. Ұи�ымдастыра алмаудың физикалық себебі
болса, бір-екі апта демалыс алып, жұмыс істеуші қалпынан демалушы қалпына
өтіңіз, жұмыс орныңызды тазартып, уақытыңызды реттеңіз. Ал ои�ыңыз ша-
шырап, жинақтаи� алмаи� қиналсаңыз, алдымен: 1) жоғарыда аи�тылғандарды
істеп көріңіз, жинақы жұмыс орны мен кеңсе ои�ды бір нәрсеге шоғырландыруға
көмектеседі; 2) бәрінен арылуға тырысыңыз, кеи�де ои�ды жинақтау үшін жақсы
демалыс керек.
Зерттеу жұмысы жеке өмірдегі дағдарыспен тұспа-тұс келетін сәттер де бо-
лады. Джон Леннон аи�тқандаи�: «Сіз жоспар құрып әуресіз, бірақ өмір өз дегенін
істеи�ді». Зерттеу жұмысын қолға алғанда басқа тірліктің бәрі тоқтап қалғаны
жақсы еді, бірақ олаи� болмаи�ды. Қаржы мәселесі, жолдасыңыз, ата-анаңыз, ба-
лалар, жұмыс т.б. Зерттеу жұмысы кезінде міндетті түрде өмірлік бір жағдаи�
кесе-көлденең шыға келеді. Қолдау көрсетуге әзір жандарға жүгініңіз, жетекші-
ңізбен ашық сөи�лесіңіз. Өз тәжірибем көрсеткендеи�, әдетте адамдар түсіністік
танытады. Ең бастысы, өзіңізге тым көп салмақ түсірмеуге тырысыңыз. Қолдау
тапқан соң өзіңізді кінәламаи�тындаи� шешім қабылдаңыз, жағдаи�ға жеңіл қа-
раңыз немесе мәселе шешілгенше үзіліс жасаңыз.
Мұндаи� кезде жалғыз емес екеніңізді сезіну өте маңызды. Алдағыны болжау,
басқалардың шешімін білу, қолдау табу тосын мәселені сәтті шешуге көмекте-
сетінін 2.5-қосымшада мысалға алдық.
47
Жұмысты реттеу және бастау
Достарыңызбен бөлісу: |