Бағдардан ауытқымау
Төзім мен табандылық – дарыннан да артық
*
.
Томас Генри Гексли
Зерттеу жұмысын бастаған әр студент қатты қиналады. Олар үшін зерттеу
жобасы – бұрын-соңды қолға алған ғылыми жобаның ең үлкені. Саланы білу,
жаңа білім өндіруге жауапты болу; әдістерді жоспарлау; дерек жинау, талдау,
жұмысты жазып шығу өте ауыр жүк сияқты көрінеді. Әсіресе мои�нында өзге де
міндеті мен жауапкершілігі бар жандарға зерттеу жұмысы қиынға соқпақ. Бірақ
сабыр сақтаңыз, ренжу, абыржу және білігім төмен деп қобалжу – жиі кездесе-
тін құбылыс, оның бәрін еңсеруге болады. Тепе-теңдікті тауып, дағдарыспен
күресу – зерттеудің ажырамас бөлігі.
Достарыңызбен бөлісу: |