Әдебиеттерді пайдалану
Зерттеу жобасын бастаған кездегі ең үлкен қиындықтың бірі – зерттеу тақы-
рыбы аясын тарылтып, нақты мәселені анықтау. Бұған қатысты аи�тар кеңесім:
әдебиеттерді барынша ертерек паи�даланыңыз. Иә, жетекшімен кеңесу керек,
бірақ өз бетіңізбен де ізденіп, қолға алған тақырыбыңыз бои�ынша сарапшыға
аи�налыңыз.
Анықтама материалды, контексті оқыңыз, ғылыми әдебиеттерді саралаңыз.
Өзекті мәселелерді, күн тәртібіндегі саяси тақырыптарды оқып жүріңіз, білім
алудағы олқылықтардың орнын толтырыңыз. Осының бәрін ои�ластырсаңыз,
зерттеуге қатысты талқылау көңілсіз емес, қызықты әрі жемісті болмақ!
Мысалы, денсаулықты нығаи�туға қызықтыңыз, соның ішінде жастар арасын-
дағы артық салмақ мәселесін зерттеуді ұи�ғардыңыз делік, бірақ одан ауқымды
нәрсеге көңіл бөлу қиынға түспек. Көбірек оқыңыз! Артық салмақ пен жастар
туралы анықтама статистикасын қараңыз, өз аи�мағыңыз, штатыңыз, еліңіз
және халықаралық деңгеи�дегі жағдаи�ды зерттеңіз. Жергілікті және шетелдік
БАҚ-ты оқыңыз. Жергілікті/мемлекеттік мекемелер денсаулықты нығаи�ту үшін
қандаи� шараларды қолға алды, оны да анықтаңыз. Жастар арасындағы артық
салмақ туралы бұрынғы зерттеуді қамтыған журнал мақалаларын саралаңыз.
Сондаи�-ақ деректің бәрін жинаңыз. Сонда ғана қажет мәселеге ден қои�ып, зерт-
теу тақырыбын нақтылаи� аласыз.
Қазіргі кезде зерттеу ісін енді бастаған маманның өзі қандаи� да бір кітапты
таппадым деп аи�та алмаи�ды. Кітапхана дерекқоры кез келген тақырыпқа қатыс-
ты еңбекті тауып береді. Интернеттен іздеу жүи�есі арқылы көптеген жұмысты
оқуға болады. Google іздеу жүи�есі ұсынатын
Google Scholar
(scholar.google.com)
арқылы түрлі пән бои�ынша рефераттар және рецензияланған мақалалар, те-
зистер және техникалық есептерді таба аласыз.
Бұрын әдебиетті олаи� іздеуге дағдыланбасаңыз да, күн саи�ын интернеттен
оны-мұны іздеу дағдыңыз көмектеседі. Университеттің дерекқорымен таны-
сып, іздеуді кеңеи�ту/шектеу туралы ои�лаи� бастасаңыз, керек әдебиетті тін-
туірдің көмегімен тауып аласыз. Бұл тақырыпты тереңірек білу үшін 6-тарауды
қараңыз, онда керек әдебиетті іздеуге қатысты нұсқаулық бар.
42
ЗЕРТТЕУ ЖОБАСЫН ЖҮРГІЗУ: НЕГІЗГІ НҰСҚАУЛЫҚ
Достарыңызбен бөлісу: |