Қызыл сияның қаһары немесе Кейттің оқиғасы Басқа университетке ауысқан кезде маған жаңа жетекші тағайындады. Ол зерт-
теу жұмысының тақырыбы менікіне ұқсас жас доктор еді. Бірнеше рет кездестік,
бірақ қарым-қатынасымыз жақсы өрбіді деп айта алмаймын. Оның докторлық жұ-
мысы менің тақырыбыма ұқсас болғанымен, зерттеу тәсіліміз мүлде өзгеше еді. Ол
менің ұстанымымды өзге тәсіл деп емес, қате деп санайтынын аңғардым. Сын соқ-
қысының астында қалу кімге ұнасын, диссертациямның бірінші тарауын жетекшім-
нің қолына күмәндана ұстаттым. Жұмысты оқыған соң, оның не айтатыны туралы
ойлаудың өзі қорқынышты еді, сондықтан пікірін естуге жүрексініп жүрдім.
Бірнеше аптадан соң тарауды қайтарды, жағдай мен ойлағаннан да нашар болып
шықты. Жұмысымды бастан-аяқ қызыл сиямен шимайлап тастапты. Бұл қызыл сия
маған жетекшімнің қаһарланып, «саған билігім жүреді», «жазғаныңның бәрі қате»
деп айғайлап тұрғандай әсер етті. Енді менің қорқынышым ашуға ұласты. Оның бұ-
лай тізе батыруының жөні жоқ еді. Маған шектен тыс сөгіс керек емес қой, оның
қолдау көрсетуіне, жол нұсқауына, кеңес беруіне ғана мұқтаж едім. Осыдан кейін
жаңа жетекші таңдауға мәжбүр болдым.