Бағдарламасы аясында іске асырылды The Essential Guide to zina o’leary 3 rd Edition



Pdf көрінісі
бет54/503
Дата01.04.2022
өлшемі7,43 Mb.
#137498
түріБағдарламасы
1   ...   50   51   52   53   54   55   56   57   ...   503
Байланысты:
oliri zina zertteu zhobasyn zhurgizu negizgi nuskaulyk (2)

Тепе-теңдікті табу
Студент – өзімен-өзі жүрген адам емес. Мына өмірде әртүрлі рөлге иеміз: 
бір мезетте студентпіз, қызметкерміз, ата-анамыз, перзентпіз, жұбаи�мыз т.б. 
Дегенмен аи�наламыздағы адамдар (өзіміз де) сол рөлдердің басын біріктіріп, 
қатар атқаруға болатынын ұмытып кетеді, бұл рөлдер өзара үи�леспеи�тіндеи� 
көрінеді. Тепе-теңдік сақтау да өте маңызды. Өмірдің маңызды тұстарын елеме-
ген адам жетістікке жетпеи�ді, әлеуетін толық көрсетіп жұмыс та істеи� алмаи�ды.
Оқуға көңіл бөлу керек, бір жағынан, жұмыс қысып тұр, отбасын да қарау-
сыз қалдыра алмаи�сыз. Мұндаи� жағдаи�да тепе-теңдікке қалаи� қол жеткіземіз?
Жұмыста, үи�де немесе университетте болсын қалауыңызды ашық аи�тсаңыз, 
өзіңізге жеңіл болады. Мұның мысалын 2.4-қосымшада келтірдік. Қажет жерінде 
«жоқ» деген сөзді аи�та алудың өзі табысқа жетелеи�ді.
 
y
Жұмыста
. Оқудың талаптарын жұмыстағы басшылықпен талқылаңыз. Олар жағ-
дайыңызды түсінеді. Тіпті түсінбесе, шама-шарқыңызды бағалайсыз. Зерттеуіңіз 
жұмыспен байланысты болса, жобаға қажет уақыт пен ресурс туралы келісіп 
алыңыз, әлбетте, ол үшін зерттеудің маңызы мен жұмысқа тигізер пайдасы тура-
лы жақсылап түсіндіру керек. 
 
y
Үйде
. Отбасының қолдауы өте маңызды, үй шаруасын атқару, бала қарау сияқты 
практикалық көмек қана емес, эмоциялық қолдау да аса қажет. Кейбір жұбайлар 
жолдасынан жағдайды түсіндіруін күтіп отырады. Осындай дилеммадан өткен кез-
де бағыт-бағдарыңызды тағы бір нақтылап алсаңыз, позицияңызды анықтайсыз. 
 
y
Университетте
. Ең жақсы кеңес «кәсіби маман бол» деу, бірақ бәрі заңды болу 
үшін мәселенің басын бірден ашып алыңыз. Жетекшімен ашық әрі шынайы сөй-
лескеннің арқасында қол жеткізуге болатын нақты мақсат қоюды үйренесіз.
*
Дарынды, ерекше талантты болу міндетті емес, адам төзімді әрі табанды болса, бәрін жеңеді, 
діттеген мақсатына жетеді деген мағынада. – 
Ауд
.


45
Жұмысты реттеу және бастау 
Мәселені шешу
Ірі зерттеу жобасын қолға алғанда мәселелер мүлде кездеспеи�ді дегенді ои�ға 
да алмаңыз, өмірде түрлі жағдаи�лар бар. Өз мүмкіндігіңізге, істеп жатқан ісіңіз-
ге күмәнданып, қолды бір сілтеп, бәрін тастаи� салғыңыз келетін сәттер де жиі 
кездеседі. Мотивация азаи�ып, жұмысқа беттегіңіз келмеи� қалатын сәттердің де 
болатынын жоққа шығармаи�мыз. Ұзақ уақыт ынталанып, мотивациямен жұмыс 
істеу мүмкін емес. Алғашында қызық, тартымды жоба болып көрінген зерттеу 
жұмысы соңына қараи� құтылғыңыз келетін міндетке аи�налуы мүмкін. Зерттеу 
мәдениетін қалыптастырып, оны ұстана білу мотивацияны сақтап қалуға кө-
мектеседі. Үи�дегілердің қамқорлығы мен қолдауы, жұмыстағы әріптестердің 
қызығушылығы, достардың көмегі, интернет чаттағы ынталы топтардың іс-
әрекеті жұмысқа қызығушылықты жоғалтпауға ықпал етеді. «Процестен ләззат 
алу» мен «мәре сызығы көрініп қалды» дегенді де еске сақтап отыру керек.
Тағы да бір жиі кездесетін мәселе – сенімнің жоғалуы. Зерттеуді өте үздік оқудан 
кеи�ін бастаи�тындар аз емес. Олар әрдаи�ым табысты әрі озат болуға дағдыланған.
Ал зерттеу жасаи�тын студенттердің өз күн тәртібі бар, тәуелсіз жұмыс істеи�ді, 
әлеуетін қолдануға тырысады, мәселе – осыда. Оқудан бір аи�ырмасы, әлеуеті-
ңізге сенуде өз мүмкіндігіңіздің шегін баи�қаи�сыз. Өзіңізді алданғандаи� сезіну, 
мүмкіндігім жетпеи�ді деп жүрексіну, жұмысым нашар шықты деп күмәндану 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   50   51   52   53   54   55   56   57   ...   503




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет