Мені шабыттандандырады



Дата20.12.2021
өлшемі16,58 Kb.
#103703
Байланысты:
Мені шабыттандандырады
зертханаларда қолданылатын құрал-жабдықтар толык (1), Таныстыру тәжәрибесі 3 Илиева Жанеля, сөз жұмбақ, 1-сабақ 3 курс ОМ, Документ, казИнструкция пользователя online-test v2019 (2)

  
Мені шабыттандандырады 
Нағыз шабыт пайда болып адамды оятатын шақты көп сипаттап айтушының бірі – Чайковский былай деген екен, «Шабыт жалқау адамның уысына түспейтін нәрсе. Шабыт тек іздеген адамға ғана кез болатын қонақ. Істің бар тетігі – мен күн сайын таңертеңгі уақытта қандай жағдай болса да нені істеймін деп ойласам, сол жұмысқа қолайлы жағдай туғыза аламын»... (П.И.Чайковский). 
Шабыт кезінде адамның зейіні шығармашылық іске тұрақтанып, басқа істерден аулақтанады. Адамның шабыты келген кезде оның ісінің өте нәтижелі болатын себебі де осы. Шабыт –шығармашылық іске зейін тоқтаумен қабат адамның сезімінің шырқап, тамылжыған кезі. 
«Сені не шабыттандырады?», деп сұраса бірден көз алдыма менің өмірде ұлағатты ұстазым, өзімнің анам Қадиша Жамболатқызы келеді. Менің қанатыма рух беріп өз алдыма таңдау жасап болашағымның кілтін ашқан мына сөзі мені шабыттандырады «Әрбір адамның өмірде өз орны бар, сол орныңды табуын керексің, әрдайым өзіңе «Мен кіммін және болашақта кім боламын?» деген сауалға жауап ізде». Сол уақыттан бастап осы сөз менің жүрегімнен орын тауып үнемі ой елегінде болдым. Осыдан кейін мен ұлағатты Ұстаз болуды таңдадым. Алдыма мақсат қоя отырып, әр күніме есеп бере отырып мақсатыма жеттім. Адамның бойындағы рухани-адамгершілік қасиеттерді жете түсініп сезіне отырып, қоғамға пайдалы іс жасау керек. Қазіргі дамыған аласапыран қоғамда күнделікті күйбелең тіршілікте кейде бәрін есімізден шығарамыз, ненің ақ, ненің қара екендігін ажырата да алмайтын кезіміз болады. Болып жатқан жағдайға мән бермейміз. Қандай жағдайда мән береміз? Ол айдан анық жанымыз қиналып өмір мен өлімнің арасында жатқанда. Осы орайда Абай атамыздың мына өлең жолдары есіме түседі,

Мен шабыттандырамын...Ең алдымен шабыт сөзін мән-мағынасын аша түссем, шабыт – адамдармен интенсивті қарым-қатынас жасағысы және белсенді жұмыс істегісі келүімен, сергек күймен ілесіп жүретін жалпы көңілінің көтеріңкі күйі. Мұндай күйде, әдетте, адамдар олардың қолынан бір нәрселер жақсы келген өмірлерінің сәттерінде болады. Шабыты үздіксіз ізденуінің нәтижесі екені даусыз. Мұғалім – шығармашылық мамандық иесі болғандықтан, ол шабытсыз болмайды. Шабытты ұстаз шәкіртін шабыттандырады. Өз тәжірибемнен алсам кейбір сабаққа көңілі жоқ, тәртіпті бұзатын, мұғалімді тыңдағысы келмейтін оқушыларға не істесем деген ой туындап жүргенде, сол балалардын кішкентай болса да жақсы жақтарын көрүге тырыстым. Ондай балаға жылы сөз айтуға, аз да болсын мақтауға тырыстым. Өзім психолог болғандықтан, өзіме бұл әдіс қиын болған жоқ. Бірақта балаға жылы сөздің әсері күшті болды. Бала мұғалім сөзіне сай болуға тырысты, өзгерістер болды. Ал енді өзін-өзі тану сабағын бастағанда осы бағытта сүйіспеншілікпен тәрбие жұмысын жалғастырдым. Мысалы: 5 сынып оқушылары Алина және Әсем сыныптан оқуға деген көңілі жоқ, тәртіптері нашар, үй тапсырмасы, дәптері немесе қаламы жоқ, мұғалімге өтірік айту және тағы басқалары толып жатты. Бірақ та екеуінде мақтап, жақсы көріп, аз да болса жақсы жақтарын көріп, аялап отырып оларды рас, шынында да жақсы көріп кеттім. Ал қазір олар жетінші сыныпта оқиды. Өзім оларды танымай қалып жүрмін. Бұрын қалай болса да солай жүретін Алина мектеп формасын киіп бір үлкен бойжеткендей, сабырлы да ұстамды болып өзгерген. Ал Әсем болса сыныптан тыс шараларда ойындарға, билерге қатысып жүлде алғанда жүгіріп келіп: «Мұғалім, мынау сізге», - деп қуанышы қойнына сыймай бөлісіп жаты эссе


    Ұлылықтың басында ұстаз тұрар. Шын мәнінде осы бір сөзді қанша естігенмен, мағынасына терең үңіліп көрмеппін. 
Ал қазір, сәл ойланып қарасам...
    Кім боламын деген сауал санамды жаулағанда әлі оң, солымды танып үлгермесем де, мұғалім оламын деп армандағанмын. Бала арманыммен есейіп, шын мәнінде мамандық тааңдар тұста ойымның баршасы жинақталып келіп бәрібір мұғалімдікке тұрақтады.
Мұғалімнің сыныпқа жай басып кіріп, амандық-саулықты сұрап, бірден сабаққа кірісетіндігі, әр баладан сен айт, сен айт деп орнынан тұрғызбай-ақ, жай қарапайым сауалдарға жауап ала отырып, бар баланың назарын өзіне, сабаққа аударып ала қоятын кезеңі елестейтін. Осы қиялмен ақыры биология пәнінің мұғалімі деген мамандықты қалап, оқу орнын тәмамдап, өз алтын ұя мектебіме оралдым. 
    Қызық ... Бұрын өзіңе сабақ берген мұғалімдермен жұмыс жасай отырып, олардың әрқайсысынан әр нәрсенің сырын білуге ұмтылатынмын. Әсіресе, өзімнің Әлия апайымнан көп нәрсені ұғуға тырыстым. 
    «Келешек – жастардікі, осы бастан ісіңді тиянақты атқар, баланы сүй, мамандығыңды сүй, не жасасаң да шын көңіліңмен, бар пейіліңмен атқаруға тырыс», - дейтін апайым. 
Көп ұзамай өзім арқа сүйеген апай зейнеткерлікке шықты да, мен сасып-ақ қалдым. 
Осы сәтте менің алдымнан тағы бір керемет адам шықты. Бұл Алланың құдіретін қойсайшы, бұрын атын ғана естіген, бірақ үркек қояндай үркіп, «мен оны көрмесем, ол мені көрмесе екен» деп жүрген кісімен бір семинарда танысудың сәті түсті. Биязы өңді, жүзінен иманы төгілген ағайдан еш қорқудың қажеті жоқ екенін түсіндім. Қазақтағы «түсі игіден түңілме» деген аталы сөздің тауып айтылған сөз екендігіне көз жеткіздім. Бұл – аудандық білім бөлімінің әдістемелік кабинетінің әдіскері Бауыржан Әбішев Әлтайұлы еді. Жақын таныса келе жаңалыққа жаны құмар, білімпаз, үлкенге де, кішіге де қамқор, тынымсыыз жан екенін аңғардым. Апайымның орнын басар тағы бір жанның жолыққанына шүкіршілік айттым.
     Ағайдың өзі де, О, Әлия апайдың шәкірті болсаң, жаман қыз болмадың, деп ойнақы сөзбен жадырап жауап бергені, іздеп барған сауалдарыма толық жауап беріп жатсынбай қабылдағаны кеудеме жылылық орнатты. Аз ғана уақыт ішінде онымен жақын араласып, басқа да әріптестерімнің көзқарасын байқадым. Сондағы аңғарғаным өз мамандығын жаны сүйетін, оны балаға ұқтыруға тырысатын, барлық мұғалімге қамқор, талапшыл, жабырқағанның жанынан табылатын шебер ұйымдастырушы көрдім.
    Қашан көрсең де шапқылап «Семинар өткізу керек», «сайыс өткізу керек», «тәжірибе алаңына баяндамалар дайындау керек» деп сан алуан жұмыспен жүрсе де көмек сұраған адамнан көмегін аяған емес. Өз шаруасын қоя салып, саған көмектеседі.
   Үнемі ағайдың ақыл-кеңесіне құлақ аса отырып, қатысқан сайыстан жүлдесіз оралған емеспін. Бұл менің әдіскерімнің жеңісі. «Еңбектенген адамның бейнеті босқа кетпейтінін» айта жүретін ағайыма деген айтар алғысым шексіз. 
    «Ұстаз» сөзінің екі түрлі сипаты бар екені баршамызға белгілі. Бірі – белгілі бір пәннен беретін мұғалім болса, екіншісі – адамдарға ықпал етуші дана адам.
Осы орайда Бауыржан ағайды ұстаздарға ұстаздық еткен дана адам дер едім. Бұл менің ғана емес, аудан мұғалімдерінің бір арнаға тоғысқан пікірі.
    Ағылшынның ұлы ағартушысы Уильям Уорд «Ұлы мұғалім шабыттандырады» деген екен. Сол айтқандай сенің кішкентай жетістігіңді көріп, оны елеп, ескеріп, қадағалап отыратын, сені алға қарай ұмтылдырып, шабыттандырып отыратын ағайды «ұстаздардың ұлы мұғалімі» дер едім.

     Эпилог: Алдымызда тағы бір сайыс. Әне, Бауыржан ағай тағы бір нәрселерді іздеп орталық кітапханаға зымырап барады

Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет