Бағдарламасы аясында іске асырылды The Essential Guide to zina o’leary 3 rd Edition



Pdf көрінісі
бет40/503
Дата01.04.2022
өлшемі7,43 Mb.
#137498
түріБағдарламасы
1   ...   36   37   38   39   40   41   42   43   ...   503
Байланысты:
oliri zina zertteu zhobasyn zhurgizu negizgi nuskaulyk (2)

Жұмысты реттеу 
және бастау 


34
ЗЕРТТЕУ ЖОБАСЫН ЖҮРГІЗУ: НЕГІЗГІ НҰСҚАУЛЫҚ
Табысқа жеткіңіз келе ме – іске кірісіңіз.
Марк Твен
Жұмысқа кірісу
Марк Твеннің сөзіне тағы не қосуға болады? Жұмысты бастаудың ең жақсы 
жолын білсек қои�, шіркін! Зерттеу жобасын қолға алған студенттің көбі оны 
қалаи� бастау керегін ои�лап бас қатырады, кімді көмекке шақырарын білмеи� 
қиналады.
Зерттеу өздігінен жүре кетпеи�тіні аи�дан анық. Зерттеу – жоспарлауды, мұ-
қият ои�ластыруды, іске адал әрі табанды болуды талап ететін процесс. Шын 
мәнінде, зерттеу тапсырмадан гөрі саяхатқа ұқсаи�ды, кез келген саяхаттағы 
тәрізді, оны бастапқы нүктеден соңғы межеге жеткенге деи�ін басқарып, ба-
ғытын түзеп, реттеп отыру керек. Студенттер осы саяхатта адасып кетуден 
қауіптенеді. Зерттеу – енді ғана дамып келе жатқан дағды, сондықтан оны 
жүргізу туралы ои�лағанда көп студенттің көңіліне күдік ұялаи�ды. Біреу оны 
стратегиялық жоспарсыз бастап кетеді, енді бірі жоспарлауға тым көп уақыт 
бөледі. Біреудің бастамасы жап-жақсы болғанымен, орта жолда бағыттан таяды, 
ынтасы жоғалады. Алдағы міндетті ои�лаған кезде зерттеу жобасын уақытылы 
аяқтау зияткерлік қабілетті тексеруден де артық сынақ екенін есте сақтаңыз, 
ол сіздің табандылығыңыз бен қаи�сарлығыңызды сын тезіне салады. 
Зерттеу саяхатына шыққан кезде жаңа білім өндіру сіз ои�лағаннан да мол 
тәжірибе сыи�лаи�тынын аңғарасыз. Зерттеу жұмысы арқылы:


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   36   37   38   39   40   41   42   43   ...   503




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет