35
Жұмысты реттеу және бастау
y
Бұрыннан қалыптасқан дағдыларды кәдеге жаратасыз
. Өз бойыңызда жиналған
дағды жетерлік. Зерттеу жобасы сол дағдыларды тапсырманы орындау кезінде
қолдануға мүмкіндік береді.
y
Проблема негізінде үйренуге қатысасыз.
Проблема негізінде үйрену «өз
тәжіри-
беңіз арқылы еңсеретін проблеманы анықтау – оқытудың ең жақсы бастамасы»
деген пікірге сүйенеді. Бұл жердегі оқыту – «екі ұшы бар таяқ». Зерттейтін проб-
лемаңыз туралы біліп қана қоймай, оны шешудің жолын анықтаңыз. Мәселені
шешудің сізге белгілі болған жолын басқа зерттеуде де қолдана аласыз.
Зерттеу
жүргізу (жолда сүрініп, шалыс бассаңыз да) – проблемалық оқыту мен зерттеу
процесін қамтиды.
y
Әрекет арқылы үйренесіз
. Колб (Kolb; 1984) тәжірибені трансформациялау ар-
қылы білім өндірудің маңызына тоқталған. Оның пікірінше,
тәжірибе немесе әре-
кет арқылы үйрену: 1) орындауды талап ететін нақты тәжірибеге қатысу. 2) жан-
жақты талқылау мен ойды жинақтау (рефлексивті бақылау); 3) барынша кең
теориялау (абстракт концептуалдау); 4) әрекетті жетілдіру (белсенді тәжірибені)
циклдерге тәуелді. Мұндай процестер зерттеудің түрлі аспектілерінде кездеседі.
Зерттеу жүргізу – әрекет арқылы үйрену цикліне араласу.
y
Коммуникациялық дағдыны жақсартасыз.
Ұялшақтар мен күйгелектер сенім
тудыратын дерек жинай алмайды. Сіздің басқалармен қарым-қатынас орната
білуіңіз дерек жинай алу қабілетіңізге де әсер етеді. Дерек жинау,
сұхбаттасу не-
месе қатыса отырып бақылау сияқты түрлі іс-әрекеттерде қарым-қатынас жасау
дағдысын жетілдіру – зерттеудің табысты болуының кепілі.
y
Зерттеу дағдысын жетілдіресіз.
Зерттеу әдісі туралы кітап жазғаныма қарамастан
айтарым: зерттеу туралы оқу өте пайдалы, бірақ зерттеу жүргізу
кезінде нақты
білім жинайсыз. Зерттеу талабына икемделу арқылы зерттеуді қалай жүргізуді
үйренесіз.
y
Жаңа білім өндіресіз.
Сіз жаңа бір нәрсені үйренесіз. Зерттеу сұрақтарына жауап
аласыз. Білім жүйесіне өз үлесін қосатын жаңа білім өндіресіз.
y
Дәлелді деректер негізінде шешім қабылдауға қатысасыз немесе соған ықпал
етесіз.
Өзіңіз жинаған деректер арқылы пайдалы, практикалық шешімдер қабыл-
данғанына көз жеткізген жақсы емес пе? Концепциядан
бастап таратуға дейінгі
кезеңі дұрыс жолға қойылса, зерттеу жобаңыз көп өзгеріс әкелуі мүмкін.
y
Академиялық білік жинауға, деңгейіңізді көтеруге жол ашасыз.
Бұл мақсаттар жо-
ғарыда көрсетілген оқу мақсаты
сияқты мәртебелі емес шығар, бірақ оның өте
маңызды екенін ешкім жоққа шығармайды.
Достарыңызбен бөлісу: