316
ЗЕРТТЕУ ЖОБАСЫН ЖҮРГІЗУ: НЕГІЗГІ НҰСҚАУЛЫҚ
Шолу, нақтылау және талдауды жалғастыру
Бақылау жүргізгенде, әсіресе ұзақ зерттеуде, сенім тудыру қабілетін қалып-
тастыру үшін ережелерді шолып, өзгертіп отыру маңызды. Оның шешуші мәнге
ие болатын себебі бақылау зерттеуінде ненің және қалаи� жазылғаны туралы
паи�ымдау анализдің өзіндік формасы болып саналады. Паи�ымдау жасамасаңыз
әрі бақылауыңызды нақтыламасаңыз, деректеріңіздің бұрмалану қаупі бар және
анализіңіз субъективті болады. Шын мәнінде, бақылау субъективтілікті тексе-
ру мақсатында өз түсінігіңізді басқалардың түсініктері мен білімдері арқылы
растауды талап етеді. 12.15-қосымшада бақылау ережеңізді рефлективті түрде
нақтылаудың сатылары көрсетіледі.
4.
Толық мәлімет жинау.
Бақылау процесінен басқа жаңа ақпарат алмайтыныңыз-
ды сезгенде ғана жұмысты тоқтатыңыз.
5.
Бақылауды сол арада жазып отыру.
Бақылауды уақытылы жазып отыру қажет.
Кесте қолдансаңыз, оны бақылау жасап жатқан кезде толтыру керек. Зерттеу
контексіңізге тереңірек үңілгіңіз келсе, бақылаудан шыққаннан кейін бақылау
нәтижесін деректер парағына немесе журналға жазған жөн. Фотосурет пен бей-
не/аудиотаспа да жазба материалына жатады.
6.
Талдау.
Бақылау арқылы жиналған дерек сандық (тексеру парағын қолдану ар-
қылы; 14-тарауды қараңыз) немесе сапалық (журналға енгізу арқылы; 15-та-
рауды қараңыз) болуы мүмкін. Есте сақтаңыз, талдау сіздің зерттеу мәселеңізді
жан-жақты тәсілдермен шешуге бағытталуға тиіс.
Достарыңызбен бөлісу: