331
Қайталама дерек:
Қолда бар дерек, онлайн жиналған
дерек және алдыңғы зерттеу
Сенім туғызуға арналған стратегиялар бақылаудың аутенттілігін растау үшін
паи�даланылатын стратегиялармен ұқсас. Ол стратегия мыналарды қамтиды:
жақсы жоспарланған және тексерілген әдістер; деректің әртүрлі көзін барлаи�-
тын кең репрезентация; біртұтас көріністі көруге мүмкіндік беретін кристалдау
мен толықтыру; көзге түспеи�тін деректі басқа дереккөздермен триангуляция-
лау; мүмкін болса, инсаи�дер немесе басқа зерттеушіге жазбаларды салыстырып
тексерту (8-тарау, 8.2-қосымшаны қараңыз).
Интернеттің ауқымы да мәселе туындатынын естен шығармаңыз. Интернет –
зерттеуге арналған ауқымды құрал. Бірақ ол бірнеше сағат қарағаннан кеи�ін
ештеңе таппаи�тын «виртуалды қоян ініне» (virtual rabbit hole) аи�налуы мүм-
кін. Бағдарлама жасаушылардың GIGO деген мантрасын есте сақтаңыз: «Қоқыс
іздесең, қоқыс аласың» (Garbage In, Garbage Out). Саусағымызбен дұрыс сөзді
терсек қана бұл құрал паи�далы болмақ. Іздеу жүи�есі тиісті нәтижені тізімнің
ең үстіне шығаруға тырысады. Бірақ іздеу сөзіңіз тым ауқымды немесе мәні
бұлыңғыр болса, паи�далы нәтиже шықпаи�ды. Үи�лесетін нәтижелерді сүзіп бе-
ретін механизмі бар іздеу өте тиімді. Мысалы, Google Scholar рецензияланатын
академиялық журналдарда жарық көрген ғылыми мақалаларды тауып береді.
Іздеу қабілетіңізді дамытуды да ои�ластырыңыз. Мен де Google-дың көмегімен
іздеу қабілетім керемет деп жүргенмін. Бірақ 13.1-қосымшаны шолып шыққан
соң мен білмеи�тін нәрсенің көп екенін аңғардым.
Достарыңызбен бөлісу: