Жоспарлау – «кім, қайда, қашан, қалай және не» сұрақтарын қарастыру Сараптаманың сәтті шығуы жұмыстың қаншалықты жан-жақты жоспарлағаны-
ңызға байланысты.
1.
Негізгі жиынтық/іріктеме/респондент/қатысушы . Мәтін талдауында зерттеп,
түсінгіңіз келетін «мәтіннің» тізімін жасау керек. Зерттегіңіз келген мәтін тым
көлемді болса, оған сәйкес іріктеме стратегиясын әзірлеуіңіз қажет (11-та-
рауды қараңыз).
2.
Қолжетімдік . Мәтінді қалай табасыз, оған қалай қол жеткізесіз? Мәтінді то-
лық алуға тосқауыл болады деген кез келген тілдік немесе мәдени кедергіні
ойластыруыңыз керек.
3.
Сыңаржақ пікіріңіз . Субъективті пікірлеріңізді мойындап, оларды бақылауға
тырысыңыз, ол мәтінді бейтарап талдауыңызға кедергі жасамайтынына көз
жеткізіңіз.
4.
Қабілетіңіз . Талдау жасауға қажет қабілеттеріңізді/ресурстарыңызды қалай
жетілдіресіз?
5.
Сенім туғызу қабілетіңіз . Сенім туғызу стратегиясын қарастырыңыз
(8.2-қосымшаны қараңыз).
6.
Дерек . Мәтіннен не іздейтініңізді, нені табуға тырысатыныңызды нақты
біліңіз.
7.
Этика/этикалық рұқсат . Жобаңызға қатысы бар барлық этика дилеммала-
рын қарастырыңыз. Құпия, жасырын немесе жеке өмірге қатысты мәтіндерді
зерттеу үшін этика комитетінің рұқсатын алу керек.
8.
Күтпеген жағдай . Күтпеген, жоспарланбаған және жазатайым жағдайлар.
Негізгі жоспарыңыз жүзеге аспаған жағдайда қосалқы жоспар дайын болуы
керек.